2026 жылғы 18 қыркүйекте Бородулиха ауданының Ауыл елді мекені аумағында Абай облысының терроризмге қарсы жедел штабының ұйымдастыруымен «Сақшы-Антитеррор-2026» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты – терроризм сипатындағы түрлі қауіп-қатерлердің жолын кесу бойынша құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар күштері мен құралдарының әзірлік деңгейін тексеру.

Оқу-жаттығу өткізілетін нысандардың айналасында шектеу шаралары қарастырылған.

Азаматтардан сабыр сақтауды, ақпаратты тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп қабылдауды, халық арасында жалған мәліметтердің таралуына жол бермеуді және оқу-жаттығуға қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Абай облысының терроризмге қарсы жедел штабы