Все записи
Фильтр по дате
Показывает записи только за выбранный день.
Главные фейки первой декады июля: обзор официальных опровержений
Сводка официальных опровержений за период с 1 по 10 июля 2026 года. Фейк: Удар США по казахстанскому порту в иранском городе Бендер-Аббас. Портовая инфраструктура Шахид-Раджаи и земельный участок, выделенный под казахстанский транспортно-логистический проект, не подвергались ударам и не получили повреждений. Проект находится на начальной стадии реализации, строительство объектов инфраструктуры не начиналось. Комментарий ЦБД: распространение данной информации строилось на подмене понятий. В публикациях перспективный инвестиционный проект представлялся как уже действующий «казахстанский порт», что искусственно завышало масштаб события и формировало ложное представление об ущербе интересам Казахстана. Фейк: Использование территории Казахстана для запуска беспилотников, примененных при атаках на объекты в Российской Федерации. Подобные заявления являются провокацией. Казахстан не допускает использования своей территории, воздушного пространства и инфраструктуры для действий против других государств. Комментарий ЦБД: подобные сообщения рассчитаны прежде всего на внешнеполитический резонанс. Их задача – сформировать впечатление о вовлеченности Казахстана в международный конфликт и спровоцировать недоверие как внутри страны, так и за ее пределами. Для подобных информационных операций характерно отсутствие проверяемых доказательств при высокой эмоциональной подаче. Фейк: Официальный запрос Российской Федерации о поставке бензина из Казахстана. Официальных обращений от российской стороны не поступало. Возможность экспорта может рассматриваться только после официального обращения и без ущерба внутреннему рынку. Комментарий ЦБД: манипуляция построена по принципу подмены вероятности фактом. Теоретически возможный сценарий был представлен как уже состоявшееся решение, что создавало ложное ощущение неизбежности событий. Фейк: Дефицит горюче-смазочных материалов в Казахстане вследствие поставок топлива за рубеж. Внутренний рынок полностью обеспечен топливом, нефтеперерабатывающие заводы работают в штатном режиме, принимаются дополнительные меры по пресечению незаконного вывоза ГСМ. Комментарий ЦБД: подобные сообщения регулярно появляются в периоды повышенного спроса на топливо. Их цель – сформировать ожидание дефицита, которое само по себе способно спровоцировать ажиотажный спрос и усилить общественную тревожность. Фейк: Повышение таможенных пошлин на автомобили с 1 июля 2026 года. Действующие ставки таможенных пошлин не изменялись и продолжают применяться в соответствии с решениями Евразийской экономической комиссии. Комментарий ЦБД: подобные публикации используют распространенный прием привязки слухов к календарной дате. Указание конкретного числа («с 1 июля») повышает доверие аудитории и стимулирует быстрое распространение информации до ее проверки. Фейк: Пересыхание 100 гектаров посевных площадей в Алматинской области из-за нехватки поливной воды. Подача воды осуществляется в штатном режиме, сведения о дефиците водных ресурсов не подтверждаются. Комментарий ЦБД: подобные публикации эксплуатируют реальные опасения населения, связанные с засушливым периодом. Использование конкретных цифр и локальных географических привязок делает сообщение более убедительным, несмотря на отсутствие подтвержденных данных. Опровержение Министерства здравоохранения ложной информации о тендерах на закупку вакцин: Комментарий ЦБД: В данном случае используется манипулятивный прием подмены причинно-следственных связей. Объем закупок вакцин ошибочно связывается исключительно с уровнем рождаемости, тогда как система плановой иммунизации охватывает несколько возрастных групп и рассчитывается по комплексу медицинских показателей. Подобные публикации формируют недоверие к системе здравоохранения за счет упрощенного толкования специализированной информации. Дополнительно: К административной ответственности за распространение ложной информации привлечен гражданин, необоснованно выдававший себя в социальных сетях за военнослужащего ВС РК.
Динмухамед Бейсембаев
10.07.2026
2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.
Фейк: АҚШ-тың Иранның Бендер-Аббас қаласындағы «қазақстандық портқа соққы жасады. Ирандағы Шахид-Раджаи портының инфрақұрылымы және қазақстандық көлік-логистикалық жобаға бөлінген жер учаскесі соққыға ұшыраған жоқ және ешқандай зақым келмеген. Жоба іске асырудың бастапқы кезеңінде, инфрақұрылым нысандарының құрылысы әлі басталған жоқ. JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл ақпарат ұғымдарды алмастыру әдісі арқылы таратылған. Жарияланымдарда болашақта іске асырылатын инвестициялық жоба қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған «қазақстандық порт» ретінде көрсетілген. Соның салдарынан оқиғаның ауқымы жасанды түрде ұлғайтылып, Қазақстан мүдделеріне нұқсан келді деген жалған түсінік қалыптастыру мақсатын көздеген. Фейк: Ресей Федерациясындағы нысандарға шабуыл жасау үшін Қазақстан аумағынан ұшқышсыз ұшу аппараттары ұшырылды. Мұндай мәлімдемелер арандатушылық сипатқа ие. Қазақстан өз аумағын, әуе кеңістігін және инфрақұрылымын басқа мемлекеттерге қарсы іс-қимылдар үшін пайдалануға жол бермейді. JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл сияқты хабарламалар ең алдымен сыртқы саяси резонанс тудыруға бағытталған. Олардың мақсаты - Қазақстанды халықаралық жанжалға тартылған ел ретінде көрсету және ел ішінде, одан тыс жерлерде де сенімсіздік тудыру. Мұндай ақпараттық операцияларға эмоциялық реңктің жоғары болуы және тексеруге келетін нақты айғақтардың болмауы тән. Фейк: Ресей Федерациясы Қазақстаннан бензин жеткізу туралы ресми сұраныс жолдады. Ресей тарапынан ешқандай ресми өтініш түскен жоқ. Экспорттау мүмкіндігі тек ресми өтініш болған жағдайда және ішкі нарықтың мүддесіне нұқсан келтірілмеген жағдайда ғана қарастырылуы мүмкін. JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл манипуляция ықтималдықты нақты факт ретінде көрсету принципіне негізделген. Теориялық тұрғыда мүмкін болатын сценарий қабылданып қойған шешім ретінде ұсынылып, оқиғаның алдын алу мүмкін емес деген жалған пікір тудырған. Фейк: Жанармайды шетелге экспорттау салдарынан Қазақстанда жанар-жағармай материалдарының тапшылығы туындады. Ішкі нарық жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етілген, мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. ЖЖМ-ны заңсыз әкетудің жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылдануда. JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Мұндай хабарламалар жанармайға сұраныс артқан кезеңдерде жиі пайда болады. Олардың мақсаты - жасанды тапшылық күту сезімін қалыптастыру, бұл өз кезегінде дүрлігуді тудырып, қоғамдық мазасыздықты күшейтуге қауқарлы. Фейк: 2026 жылғы 1 шілдеден бастап автокөліктерге салынатын кедендік баж салығы өсті. Қолданыстағы кедендік баж салықтарының мөлшерлемелері өзгерген жоқ және Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдеріне сәйкес бұрынғы тәртіппен қолданылуын жалғастыруда. JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Мұндай жарияланымдарда қауесетті нақты бір күнтізбелік күнге таңу әдісі қолданылған. Нақты күнді («1 шілдеден бастап») көрсету аудиторияның сенімін арттырып, ақпаратты тексергенге дейін оның жылдам таралуына түрткі болады. Фейк: Алматы облысында суармалы судың тапшылығынан 100 гектар егістік алқабы қурап қалды. Су беру штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр, су ресурстарының тапшылығы туралы мәліметтер расталған жоқ. JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Мұндай жарияланымдар халықтың құрғақшылық кезеңіне байланысты шынайы қауіп-қатерлерін өз мүддесіне пайдаланады. Нақты цифрлар мен жергілікті географиялық атауларды қолдану, расталған деректердің жоқтығына қарамастан, хабарламаны анағұрлым сенімді етіп көрсетеді. Денсаулық сақтау министрлігі вакцина сатып алуға қатысты тендерлер туралы жалған ақпаратты теріске шығарды. JAQ.OrtCom түсініктемесі: Бұл жағдайда себеп-салдарлық байланыстарды алмастыруға негізделген манипуляциялық тәсіл қолданылған. Вакцина сатып алу көлемі тек бала туу көрсеткішімен қате байланыстырылған. Алайда жоспарлы иммундау жүйесі бірнеше жас санатын қамтиды және вакциналарға қажеттілік медициналық көрсеткіштердің жиынтығы негізінде есептеледі. Мұндай жарияланымдар мамандандырылған ақпаратты біржақты әрі үстірт түсіндіру арқылы денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімге нұқсан келтіреді.
Динмухамед Бейсембаев
10.07.2026
Алакөл жағалауында кәсіпкерлердің салық мәдениетін арттыру жұмыстары жалғасуда
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров жұмыс сапарымен Алакөл көлінің жағалауына барып, кәсіпкерлермен кездесті және туристік инфрақұрылым нысандарының қызметімен танысты. Жұмыс сапары барысында демалыс базалары мен өзге де кәсіпкерлік нысандарын аралаған ведомство басшысы кәсіпкерлердің назарын кассалық тәртіпті сақтау, фискалдық чектерді міндетті түрде беру және салықтық міндеттемелерді уақтылы орындау мәселелеріне аударды. Руслан Данияров бизнесті ашық әрі адал жүргізу, салықтарды уақытылы төлеу және фискалдық чектерді беру кәсіпкерлікті дамытуға, тұтынушылардың сенімін арттыруға және өңірде қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға ықпал ететін маңызды факторлар екенін атап өтті. Біздің басты міндетіміз – тек бақылау жүргізу ғана емес, сонымен қатар бизнес үшін ашық әрі қолжетімді мемлекеттік орган болу. Біз заңнама талаптарын түсіндіруге, консультациялық қолдау көрсетуге және кәсіпкерлермен бірлесіп туындайтын мәселелерді шешуге әрдайым дайынбыз. Ашық диалог, өзара сенім және заң талаптарын сақтау жағдайында ғана туристік саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдай жасауға болады, – деді Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров. Естеріңізге сала кетейік, туристік маусым басталғаннан бері Алакөл көлінің жағалауында мемлекеттік кірістер органдарының мобильді тобы күн сайын кәсіпкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, консультациялық қолдау көрсетуде және салық заңнамасының талаптарын түсіндіруде. Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық мәдениетін арттыруға, адал кәсіпкерлікті қолдауға және кәсіпкерлік қоғамдастықпен сындарлы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда. Ашық диалог, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі және бизнеспен серіктестік қарым-қатынас ведомство қызметінің негізгі қағидаттарының бірі болып қала береді.
Динмухамед Бейсембаев
10.07.2026
На Алаколе предпринимателям напомнили о соблюдении налогового законодательства
Руководитель Департамента государственных доходов по области Абай Руслан Данияров с рабочей поездкой посетил побережье озера Алаколь, где встретился с представителями бизнеса и ознакомился с деятельностью объектов туристической инфраструктуры. В ходе посещения баз отдыха и других объектов предпринимательства руководитель ведомства акцентировал внимание предпринимателей на вопросы соблюдения кассовой дисциплины, обязательной выдачи фискальных чеков и своевременного исполнения налоговых обязательств. Руслан Данияров подчеркнул, что прозрачное ведение бизнеса, добросовестная уплата налогов и выдача фискальных чеков являются важными условиями развития предпринимательства, повышения доверия потребителей и создания благоприятного инвестиционного климата в регионе. Наша главная задача — не только осуществлять контроль, но и быть открытыми для бизнеса. Мы готовы разъяснять нормы законодательства, оказывать консультационную поддержку и совместно с предпринимателями решать возникающие вопросы. Только в условиях открытого диалога, взаимного доверия и соблюдения законодательства возможно обеспечить устойчивое развитие туристической отрасли и создать равные условия для всех участников рынка, — отметил руководитель Департамента государственных доходов по области Абай Руслан Данияров. Напомним, что с начала туристического сезона на побережье озера Алаколь мобильная группа сотрудников органов государственных доходов ежедневно проводит информационно-разъяснительную работу с предпринимателями, оказывая консультационную поддержку и разъясняя нормы налогового законодательства. Департамент государственных доходов по области Абай продолжает работу, направленную на повышение налоговой культуры, поддержку добросовестного бизнеса и развитие конструктивного взаимодействия с предпринимательским сообществом. Открытый диалог, доступность государственных услуг и партнерские отношения с бизнесом остаются одними из ключевых принципов деятельности ведомства.
Динмухамед Бейсембаев
10.07.2026
На Съезде партии «Әділет» презентовали цифровую экосистему и официальный гимн
III внеочередной Съезд партии «Әділет» стал площадкой не только для принятия ключевых политических решений, но и для презентации новых цифровых решений, направленных на развитие современных форм взаимодействия с гражданами и повышение эффективности партийной деятельности. Представленные сервисы являются частью последовательной работы по созданию Единой цифровой платформы партии, которая будет развиваться поэтапно, объединяя цифровые инструменты для граждан, членов партии и партийных органов. Одним из первых решений стал единый механизм доступа к цифровым сервисам партии. Сегодня заявление на вступление в партию осуществляется посредством QR-кода, через портал eGov, а также приложения банков, поддерживающих соответствующий сервис. Это позволяет обеспечить простой, удобный и безопасный доступ к данной услуге. В рамках Съезда также представлены интеллектуальные цифровые помощники, разработанные на базе технологий искусственного интеллекта. Они могут предоставлять информацию о программе партии, разъяснять порядок вступления, отвечать на наиболее распространенные вопросы и помогать пользователям ориентироваться в цифровых сервисах. Взаимодействие с пользователями будет сопровождать фирменный цифровой маскот партии и автоматизированные чат-боты. Еще одним элементом создаваемой цифровой экосистемы станет личный кабинет члена партии. Он призван объединить в одном интерфейсе основные цифровые сервисы, обеспечить доступ к партийной информации, уведомлениям, документам и другим инструментам взаимодействия. По мере развития платформы его функциональные возможности будут расширяться. Кроме того, партия приступила к тестированию цифрового штаба – специализированного рабочего пространства для координации деятельности партийных органов. Решение предназначено для организации совместной работы, контроля исполнения задач и повышения эффективности взаимодействия между центральным аппаратом и региональными филиалами. Представленные на Съезде цифровые решения отражают курс партии на последовательную цифровую трансформацию организационных процессов. По мере развития они будут интегрироваться в Единую цифровую платформу «Әділет.365», которая создается как современная цифровая среда для взаимодействия граждан с партией, поддержки внутренних процессов и внедрения новых интеллектуальных сервисов. Современные технологии должны делать процессы проще и понятнее для людей. Поэтому партия внедряет цифровые сервисы как во внутреннюю работу, так и в коммуникацию с гражданами, - отметили в партии. Еще одним событием Съезда стала презентация официального гимна партии. В основу произведения легли идеи справедливости, верховенства закона, порядка и ответственности. Гимн впервые прозвучал для делегатов III внеочередного Съезда и стал новым символом партии. Представленные на Съезде цифровые решения стали частью курса партии на модернизацию организационных процессов, развитие современных каналов взаимодействия с гражданами и внедрение цифровых технологий в ежедневную деятельность.
Динмухамед Бейсембаев
10.07.2026
В области Абай в 113 сельских округах работают кабинеты права
В области Абай в рамках проводимых правовых реформ особое внимание уделяют повышению качества и доступности правовой помощи для населения. Об этом на брифинге в Региональной службе коммуникаций сообщил заместитель руководителя Департамента юстиции области Абай Нуржан Кадош. По его словам, главная цель правовых реформ — усиление защиты прав и законных интересов граждан, обеспечение верховенства закона и повышение качества государственных услуг. Сегодня продолжается поэтапная цифровизация нотариальной деятельности. Расширяются возможности электронного нотариата, укрепляется его интеграция с государственными информационными системами. Наряду с этим совершенствуются механизмы защиты прав граждан и уделяется особое внимание повышению профессиональной ответственности нотариусов, — отметил Нуржан Кадош. В ходе брифинга также были рассмотрены вопросы дальнейшего развития института адвокатуры. В частности, речь шла о расширении доступа к квалифицированной юридической помощи, совершенствовании системы гарантированной государством юридической помощи, внедрении цифровых технологий в деятельность адвокатов и усилении правового просвещения населения. Кроме того, были представлены изменения, направленные на совершенствование деятельности частных судебных исполнителей. По словам спикера, принимаются конкретные меры по обеспечению прозрачности исполнительного производства, внедрению системы цифрового мониторинга, соблюдению баланса прав взыскателей и должников, а также усилению ответственности частных судебных исполнителей. Нуржан Кадош подчеркнул, что в регионе на постоянной основе проводится работа по правовому информированию населения. В целях разъяснения изменений в законодательстве организуются лекции для студентов высших учебных заведений и колледжей, проводятся встречи с сотрудниками государственных органов, предприятий и организаций. Кроме того, регулярно организуются обучающие семинары для нотариусов, адвокатов, частных судебных исполнителей и юридических консультантов, — сказал он. Также в регионе успешно реализуется проект «Құқық кабинеті» («Кабинет права»), запущенный Министерством юстиции Республики Казахстан в 2024 году. В настоящее время в 113 сельских округах области Абай функционируют кабинеты права. Через них жители могут получить доступ к Правовой информационной системе «Әділет», базе данных «Заң», порталу электронного правительства eGov, системе e-Otinish, порталу «Открытые НПА», сервису правовой помощи ZanKomegi, системе исполнительного производства AdiletGov и другим государственным информационным ресурсам.
Динмухамед Бейсембаев
10.07.2026
Абай облысында құқықтық көмек алу жеңілдеп келеді
Абай облысында құқықтық реформалар аясында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету сапасын арттыруға және оны алу мүмкіндігін кеңейтуге басымдық беріліп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Абай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Нұржан Кәдөш айтты. Оның айтуынша, құқықтық реформалардың негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру. Бүгін нотариат қызметі кезең-кезеңімен цифрландырылып келеді. Электрондық нотариаттың мүмкіндіктері кеңейіп, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен байланысы нығайып жатыр. Сонымен қатар азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері жетілдіріліп, нотариустардың кәсіби жауапкершілігін арттыруға басымдық беріліп отыр, – деді Нұржан Кәдөш. Брифингте адвокаттардың қызметін жетілдіру мәселелері де талқыланды. Атап айтқанда, білікті заң көмегін алу мүмкіндігін кеңейту, мемлекет кепілдік берген заң көмегін жетілдіру, цифрлық технологияларды енгізу және құқықтық ағарту жұмыстарын күшейту жөнінде айтылды. Сондай-ақ жеке сот орындаушыларының жұмысын жетілдіру бағытындағы өзгерістер таныстырылды. Спикердің айтуынша, атқарушылық іс жүргізудің ашықтығын арттыру, цифрлық бақылау жүйесін енгізу, өндіріп алушы мен борышкердің құқықтарының теңгерімін сақтау және жеке сот орындаушыларының жауапкершілігін күшейту бойынша нақты шаралар қабылданып жатыр. Нұржан Кәдөш облыста құқықтық түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілетінін айтты. Заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру мақсатында жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне дәрістер оқылып, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерімен кездесулер өткізіліп келеді. Сонымен қатар нотариустарға, адвокаттарға, жеке сот орындаушылары мен заң консультанттарына арналған оқыту семинарлары тұрақты ұйымдастырылады, – деді ол. Сонымен қатар Әділет министрлігінің бастамасымен 2024 жылы іске қосылған «Құқық кабинеті» жобасы өңірде жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта Абай облысының 113 ауылдық округінде құқық кабинеттері бар. Сол арқылы тұрғындар «Әділет» құқықтық ақпараттық жүйесін, «Заң» деректер базасын, eGov порталын, e-Otinish, «Ашық НҚА», ZanKomegi және AdiletGov сияқты мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалана алады.
Динмухамед Бейсембаев
10.07.2026
«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті
Ұйымдастырушылық мәселелер қаралғаннан кейін «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінің делегаттары Сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарын талқылап, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – мазмұны мен басты басымдықтары жаңартылған партияның Сайлауалды бағдарламасын бекіту болды. Құжат сегіз негізгі бағыттан тұрады. Оларды партияның Саяси кеңес мүшелері жан-жақты таныстырды. Бағдат Мусин цифрлық мемлекетті дамытуға арналған бастамаларды ұсынды. Замира Кузиева өңірлерді дамыту мәселелеріне тоқталды. Ренат Бектұров әділетті экономиканы қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарын таныстырды. Динара Зәкиева әлеуметтік саясат бағытын ұсынды. Лаура Қарабасова адами капиталды дамыту мәселелеріне тоқталды. Қарлығаш Жаманқұлова мәдениет саласына қатысты бастамаларды таныстырса, Ирина Тен экологиялық күн тәртібіне арналған ұсыныстарын ортаға салды. Талқылауды қорытындылаған партия Төрағасы Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының Сайлауалды бағдарламасы ауқымды сараптамалық және қоғамдық жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті. Бүгін бекітілген партияның сайлауалды бағдарламасы кабинетте отырып жазылған жоқ. Оның негізіне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың стратегиялық бастамалары, әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы, «Әділет» партиясы өткізген көптеген стратегиялық талқылаудың нәтижесі, сондай-ақ азаматтардың ұсыныс-пікірі мен жетекші сарапшылардың ұсыныстары арқау болды, - деді Айбек Дәдебай. Оның айтуынша, құжат алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындап қана қоймай, бүгінде қоғам үшін ең өзекті мәселелерді шешетін нақты тәсілдерін де көрсетеді. Біздің бағдарламаның басты ерекшелігі – оның мемлекеттік аппараттың емес, азаматтардың мүддесіне негізделуінде. Бағдарламаның әрбір бөлімінің өзегінде нақты адам, оның тұрмыс-тіршілігі, мүддесі, үміті мен қажеттілігі тұр, - деді партия Төрағасы. Сөзін қорытындылаған Айбек Дәдебай Сайлауалды бағдарлама бекітілгеннен кейін партия сайлау науқанына дайындықтың келесі кезеңіне кірісетінін айтты. Ендігі негізгі назар өңірлердегі азаматтармен жұмысқа және бағдарламаның негізгі ережелерін кеңінен түсіндіруге бағытталады. Жаңа Конституция Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Енді маңыздысы – сол мүмкіндіктерді қалай пайдалана алатынымыз. Елді өзгертетін – адамдар: олардың идеялары, жауапкершілігі, адал еңбегі және халқына қызмет етуге деген даярлығы. Бүгін біз алдағы сайлауда «Әділет» партиясының атынан түсетін, осы жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын кандидаттар тобын бекіттік. Сіздермен бірге ел игілігі жолында еңбек етуге дайын пікірлес азаматтардың біртұтас командасын жасақтадық. Олар уәде берумен ғана шектелмейді. Кінәліні іздемейді. Өткенмен өмір сүрмейді. Болашақты бірге құрады, – деп түйіндеді Айбек Дәдебай. Күн тәртібіндегі жеке мәселе ретінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді. Съезд ұсынылған кандидаттарды қолдап, олар алдағы реформалардың ел ішіндегі негізгі жаршылары болады деген сенім білдірді. «Әділет» партиясы 186 кандидаттан тұратын ең ауқымды партиялық тізімді ұсынды. Оның құрамына ғылым, білім, бизнес, өнеркәсіп, цифрлық сала, мәдениет, спорт және азаматтық қоғам өкілдері енді. Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі: Авершин Константин Викторович Адаев Ербол Дәненұлы Адамбаева Әлия Райымқұлқызы Адамбек Кендебай Сарыбайұлы Адамбеков Тілектес Серікбайұлы Аймағамбетов Асхат Қанатұлы Аймағанова Айжан Талғатқызы Алтай Абай Амантайұлы Жарқынбек Атабаева Гүлзира Нұржанқызы Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы Ахмедиев Дархан Мейрамұлы Ахметов Съезбек Рақышұлы Ахметов Сәбит Мейрамұлы Ашимова Ульяна Әбдікешов Алмат Жанболатұлы Әбенов Мұрат Абдуләмитұлы Әбілева Айымгүл Ақылбайқызы Әбілов Алпамыс Әлімқұлов Бекжан Мұхидинұлы Әмірғалиев Мадияр Орынтайұлы Әскеров Эмин Халилұлы Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы Әшімова Аяужан Тұрсынбекқызы Базенов Айрат Базенұлы Байбеков Шалкар Байсақова Зүлфия Байтұрсынов Ғиззат Сейдахметұлы Бақытбекұлы Нұркен Балтабаев Әділ Серікұлы Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы Басин Вадим Борисов Батырбеков Ерлан Ғаділетұлы Батырхан Жолдас Нұрланұлы Башимов Марат Советұлы Баялиев Рустам Ахатханұлы Баялышбаев Елдос Қайыркенұлы Бежецкий Сергей Владимирович Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы Бектұров Ренат Нұрмолдаұлы Беркімбаев Берік Серікұлы Беспалинов Берген Маратұлы Бәденова Әсел Жанболатқызы Битеміров Дәурен Мұхтарұлы Бірмағамбетов Наурызбек Больгерт Евгений Андреевич Бұршақов Сатыбалды Ересұлы Газдиева Белла Асланбековна Годунова Наталья Николаевна Данағұлов Ербол Жеткергенұлы Данбаева Жұлдыз Сейітқамзақызы Данилов Александр Сергеевич Дәдебай Айбек Арқабайұлы Дәуіталиев Қазыбек Нұрсейітұлы Ділдәбек Дидарбек Жұмағалиұлы Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы Егамбердиева Динара Асылқызы Елеусізова Бота Серікқызы Ералиев Бегалы Ералыұлы Ералиев Мағжан Абзалұлы Ерғарин Дәурен Тілекұлы Ергешбек Нұрсадық Ергешбекұлы Ерназар Шынасыл Жеңісұлы Ерниязова Айсұлу Әлімжанқызы Есімханов Сұнғат Қуатұлы Есматов Серік Аманжолұлы Жақселекова Ботагөз Шаймарданқызы Жамалов Бауыржан Салдарұлы Жаманқұлова Карлығаш Қалибекқызы Жансеңгіров Арман Серікұлы Жүкебаев Алмат Отаубайұлы Жұмағазиев Эльдар Тынышбайұлы Жылқыбаева Ләззат Әуезханқызы Зенченко Геннадий Геннадьевич Зәкиева Динара Болатқызы Ильясов Еркебұлан Сайдоллаұлы Имашева Снежанна Валерьевна Искандерова Ақерке Нұрғалиқызы Кемалов Мейрамбай Тамабайұлы Кенжеханұлы Рауан Керімбаева Наргиза Абайдоллақызы Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы Көбеева Алтынай Орманқалиқызы Кузиева Замира Закировна Кучинская Юлия Владимировна Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы Қайдарова Диляра Радикқызы Қайыпов Дәурен Айтасұлы Қалижанова Сандуғаш Қайыргелдіқызы Қалықов Арман Қобыландыұлы Қамзабекұлы Дихан Қарабасова Лаура Чапайқызы Қариева Шолпан Қайратқызы Қарин Ерлан Тынымбайұлы Қаринова Шолпан Таңатқызы Қисықова Ақтоты Жанаралқызы Қожаев Марат Шәдетханұлы Қожаниязов Серік Салауатұлы Қожахметова Ләззат Таймырқызы Құйқабаев Асқар Нұртуғанұлы Құрмансейіт Ақжол Ахатұлы Лаврентьев Андрей Сергеевич Маралов Дәурен Әділмырзаұлы Матжани Нұрбек Сейілханұлы Медеуова Дана Теміртайқызы Мекеева Жанат Жұмағазықызы Мусин Бағдат Батырбекұлы Мүтәліп Шахмұрат Мүтиев Абылай Құрметұлы Мұсылманбек Ерқанат Мұхамбедиев Мұратбек Қайырсәпиұлы Мұханбетжанова Әлия Биғазықызы Мұхтарова Назгүл Батыржанқызы Мырзағараев Мади Жомартұлы Найымбекова Айжан Ізбасханқызы Нарымбетов Бахадыр Мадалыұлы Нахбаева Гүлісхан Сайфулинқызы Ниязалиев Нұржан Әуезұлы Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы Нұрмухамедов Бөріхан Жолбарысұлы Осин Кирилл Владимирович Оспанбеков Әмірбек Қанатбекұлы Оспанов Шота Сәбитбекұлы Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы Павленко Дмитрий Иванович Парсегова Анжелика Борисовна Перепечина Ольга Валентиновна Петров Константин Викторович Пономарев Сергей Михайлович Пулатов Шерзод Аббозович Разбекова Ләззат Мұратқызы Рамазанова Наталья Сергеевна Рахметова Айзада Нұрланқызы Рожин Максим Николаевич Рымжанов Мәди Рысбекұлы Савельева Татьяна Михайловна Сағымбаева Жұлдыз Әбдіполатқызы Сағынов Замир Садықұлы Саиров Ерлан Бияхметұлы Сайланбаев Әлібек Айдосұлы Сапарова Эльмира Карифоллақызы Сартбаева Әсем Бахытқызы Сарым Айдос Әміроллаұлы Себасов Марат Бақбергенұлы Семидоцких Елена Александровна Сәбитова Айнұр Әлімханқызы Сәдуақасова Динара Тайбасарқызы Сқакова Айжан Амангелдіқызы Смышляева Екатерина Васильевна Соловьёва Ирина Анатольевна Солтабаева Эльзира Әуесханқызы Сулаймонова Русана Русланқызы Сүгірбай Аят Исатайұлы Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Айсұлу Қанатқызы Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы Талғатбекова Нұргүл Ахатқызы Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы Тауан Мұхамедқали Темербаева Айжан Маратқызы Тен Ирина Сергеевна Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы Теренченко Илья Сергеевич Тілемісов Тұрарбек Тілемісұлы Тойлыбаева Гүлнар Қожағұлқызы Тоқтамұрат Армангүл Тоқшылық Ерлан Бейсенұлы Толыбаев Нұрлан Әлішерұлы Төлегенов Асылжан Қанатұлы Төлеушин Қаныш Аманбайұлы Төренова Қалия Батталқызы Усанова Руфина Касымовна Фазылжан Анар Мұратқызы Хаирова Әсел Әнуарқызы Хайруллиев Мұса Қарашаұлы Хайруллин Арман Ғабидоллаұлы Хамза Еділ Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы Шалбаева Айгүл Дүйсенқызы Шапақ Үнзила Шаталов Никита Сергеевич Шермағанбет Мейрамбек Шибұтов Марат Мақсұмұлы Шыңғысбаева Ләззат Алтынбекқызы Щербаков Станислав Александрович Юлдашев Мамирхан Муталибович Күн тәртібіндегі барлық мәселе қаралғаннан кейін делегаттар кезектен тыс III Съездің Қаулысын қабылдап, күн тәртібінің әрбір тармағы бойынша қабылданған шешімдерді бекітті.
Динмухамед Бейсембаев
10.07.2026
«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды
«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі маңызды саяси шешімдер қабылданған алаң ғана емес, сонымен қатар азаматтармен байланыстың заманауи тетіктерін дамытуға және партия қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа цифрлық шешімдерді таныстырған маңызды шара болды. Таныстырылған сервистер партияның Бірыңғай цифрлық платформасын кезең-кезеңімен қалыптастыру жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Бұл платформа алдағы уақытта азаматтарға, партия мүшелеріне және партия органдарына арналған цифрлық құралдарды бір ортаға біріктіре отырып дамиды. Алғашқы шешімдердің бірі ретінде партияның цифрлық қызметтерін пайдаланудың бірыңғай жүйесі іске қосылды. Бүгінде партияға мүшелікке өтінішті QR-код арқылы, eGov порталы немесе осы қызметті қолдайтын банк қосымшалары арқылы беруге болады. Бұл қызметті қарапайым, ыңғайлы әрі қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік береді. Съезд аясында жасанды интеллект технологиялары негізінде әзірленген интеллектуалды цифрлық көмекшілер де таныстырылды. Олар партияның бағдарламасы туралы ақпарат ұсынып, мүше ретінде қабылдау тәртібін түсіндіріп, ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап береді және пайдаланушыларға цифрлық сервистерді қолдануға бағыт-бағдар көрсетеді. Пайдаланушылармен өзара байланыс партияның фирмалық цифрлық маскоты мен автоматтандырылған чат-боттар арқылы жүзеге асырылады. Әзірленіп жатқан цифрлық экожүйенің тағы бір маңызды бөлігі – партия мүшесінің жеке кабинеті. Ол негізгі цифрлық сервистерді бір интерфейске біріктіріп, партиялық ақпаратқа, хабарламаларға, құжаттарға және өзге де байланыс құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді. Платформа дамыған сайын оның функционалдық мүмкіндіктері де кеңейтіледі. Сонымен қатар партия құрылымдарының жұмысын үйлестіруге арналған арнайы цифрлық алаң – цифрлық штабты сынақтан өткізуді бастады. Бұл шешім бірлескен жұмысты ұйымдастыруға, тапсырмалардың орындалуын бақылауға және орталық аппарат пен өңірлік филиалдар арасындағы байланыстың тиімділігін арттыруға арналған. Съезде таныстырылған цифрлық құралдар партияның ұйымдастыру жұмыстарын кезең-кезеңімен цифрландыру бағытын айқын көрсетеді. Алдағы уақытта олардың барлығы азаматтардың партиямен байланысына, ішкі үдерістерді қолдауға және жаңа интеллектуалды сервистерді енгізуге арналған заманауи цифрлық орта ретінде құрылып жатқан «Әділет.365» бірыңғай цифрлық платформасына біріктіріледі. Заманауи технологиялар адамдар үшін үдерістерді барынша қарапайым әрі түсінікті етуі тиіс. Сондықтан партия цифрлық сервистерді ішкі жұмысқа да, азаматтармен коммуникацияға да белсенді түрде енгізіп келеді, - деп атап өтті партия өкілдері. Съездегі тағы бір маңызды оқиға – партияның ресми әнұранының тұсаукесері. Әнұранның негізіне әділдік, заң үстемдігі, тәртіп пен жауапкершілік идеялары арқау болған. Ол алғаш рет кезектен тыс III Съездің делегаттарына орындалып, партияның жаңа символына айналды. Съезде таныстырылған цифрлық шешімдер партия жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін жетілдіру, азаматтармен байланыс құрудың заманауи арналарын дамыту және цифрлық технологияларды күнделікті қызметке енгізу бағытының маңызды бөлігіне айналды.
Динмухамед Бейсембаев
10.07.2026
Более 80 авто остановили полицейские на трассе Семей - Павлодар
В Бескарагайском районе полицейские провели необычную акцию для автомобилистов. Вместо проверки документов водителям предлагали оценить свое самочувствие перед дальней дорогой. Более 80 автомобилей стали участниками профилактической акции на трассе Семей – Павлодар. Сотрудники полиции организовали пункты по обеим сторонам дороги, где вместе с медиками измеряли водителям артериальное давление, сообщили в пресс-службе ДП области Абай. Участникам также предлагали горячий кофе и питьевую воду. Особое внимание уделяли тем, кто долго находился за рулем. Полицейские напоминали о важности отдыха и советовали не продолжать путь при первых признаках усталости. Необычный формат акции получил положительный отклик. Многие водители отметили, что короткая остановка помогла отвлечься от монотонной дороги, восстановить силы и продолжить поездку в хорошем настроении. Такие профилактические пункты действуют на автодорогах по всей области Абай, - отметили в полиции. Главная цель акции – не выявить нарушение, а предотвратить ситуации, которые могут привести к тяжелым последствиям. В департаменте полиции области Абай напоминают: дальняя дорога требует не только исправного автомобиля, но и хорошего самочувствия водителя.
Динмухамед Бейсембаев
10.07.2026
Лента новостей
Главные фейки первой декады июля: обзор официальных опровержений
Динмухамед Бейсембаев
10.07.2026
2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.
Динмухамед Бейсембаев
10.07.2026
Алакөл жағалауында кәсіпкерлердің салық мәдениетін арттыру жұмыстары жалғасуда
Динмухамед Бейсембаев
10.07.2026
На Алаколе предпринимателям напомнили о соблюдении налогового законодательства
Динмухамед Бейсембаев
10.07.2026
На Съезде партии «Әділет» презентовали цифровую экосистему и официальный гимн
Динмухамед Бейсембаев
10.07.2026
В области Абай в 113 сельских округах работают кабинеты права
Динмухамед Бейсембаев
10.07.2026
Абай облысында құқықтық көмек алу жеңілдеп келеді
Динмухамед Бейсембаев
10.07.2026
«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті
Динмухамед Бейсембаев
10.07.2026
«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды
Динмухамед Бейсембаев
10.07.2026
Более 80 авто остановили полицейские на трассе Семей - Павлодар
Динмухамед Бейсембаев
10.07.2026









