Реалии дня
Фильтр по дате
Показывает записи только за выбранный день.
"Қолжетімді құқық аумағы" акциясы өтті
«Заң керуені» көшпелі акциясы аясында құқық қорғау және облыстық мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған мобильді топ Семей қаласының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетіп, заңнама талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған шара «Заң және тәртіп» идеологиясы аясындағы апталық негізінде «СОЦ.KZ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті. Іс-шара барысында азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес алды. Акцияға қатысқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда заңдылық пен ашықтық қағидаттарын нығайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібіне ензілген өзгерістер және мемлекеттік қызметті өткеру мәселелеріне қатысты азаматтарға құқықтық кеңестер берілді. Мұндай кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы ашық диалогты дамытуға ықпал етеді.
Динмухамед Бейсембаев
09.06.2026
Двойная жизнь: в области Абай зафиксировали подмену данных о транспортном средстве
Водитель решил обойти закон и ездил на авто с подложными номерами. Автомобиль Hyundai Santa Fe сотрудники полиции области Абай заметили с помощью системы «Сергек». Водитель въезжал в город со стороны алматинской трассы. Тщательная проверка показала: автомобиль фактически «жил двойной жизнью». В пресс-службе Департамента полиции области Абай рассказали подробности инцидента. 9 июня сотрудники поисковой группы Управления административной полиции Департамента полиции области Абай установили, что государственный регистрационный номер транспортного средства не соответствует данным, указанным в документах. За рулём автомобиля находился 42-летний житель Алматинской области. По итогам проверки автомобиль был помещён на специализированную стоянку. В отношении водителя были проведены предусмотренные законом процедуры, а также разъяснены требования действующего законодательства, - сообщают в пресс-службе ДП области Абай. Полицейские области Абай напоминают: каждый автомобиль на дороге находится под контролем, а любое нарушение правил не остаётся без внимания.
Маргарита Бутина
09.06.2026
Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды
Абай облысында жазғы маусымға орай шомылуға арналған 16 ресми орын белгіленіп, су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді және қауіпті учаскелерде тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырылды. Алайда шомылу маусымы басталғалы бері өңірде үш қайғылы оқиға тіркелген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары Жамбыл Джабаев хабарлады. Жамбыл Джабаевтың айтуынша, су айдындарындағы қауіпсіздік төтенше қызметтердің басым бағыттарының бірі болып қала береді, себебі қайғылы оқиғалардың көпшілігі судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан туындайды. ТЖД бастығының орынбасарының мәліметінше, облыс аумағында шомылуға ресми түрде рұқсат етілген 16 орын бар — 11 жағажай, үш демалыс базасы және екі балалар лагері. Өкінішке қарай, 2025 жылғы шомылу маусымында Абай облысының су айдындарында 12 адам суға батып қаза тапты, оның ішінде төрт бала бар. Талдау көрсеткендей, қайғылы оқиғалардың басым бөлігі өз мүмкіндігін асыра бағалау, алкогольдік мас күйде шомылу және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру салдарынан болады, — деді Жамбыл Джабаев. Оның айтуынша, судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, халық көп жиналатын демалыс орындарында патрульдеу ұйымдастырылған, құтқару қызметтерінің оқу-жаттығулары өткізілген, сондай-ақ тұрғындар мен оқушылар арасында алдын алу жұмыстары күшейтілген. Алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін полиция және әскери бөліммен бірлесіп, жаппай демалыс орындары мен жоғары қауіп төнетін аумақтарда патрульдеу ұйымдастырылды. Барлығы 104 жеке құрам қызметкері жұмылдырылды, — деді ол. Спикер биылғы жылы болған оқиғаларға да жеке тоқталды. Шомылу маусымы басталғалы бері облыста үш қайғылы оқиға тіркелді. Соның бірі — 2011 жылы туған мектеп оқушысының қаза болуы. Оқиға 7 маусым күні Жаңасемей ауданындағы «Колхозное» көлінде тіркелген. Қайғылы жағдай шомылуға тыйым салынған жерде болған, — деді Жамбыл Джабаев. Сондай-ақ ол шомылу маусымы басталғалы бері судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін тоғыз әкімшілік хаттама толтырылғанын атап өтті. Сөз соңында ТЖД бастығының орынбасары тұрғындар мен қонақтарды тек рұқсат етілген жерлерде шомылуға, балаларды қараусыз қалдырмауға және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
Динмухамед Бейсембаев
09.06.2026
Опасные воды: спасатели обратились к жителям области Абай
С начала купального сезона в области Абай уже произошли три несчастных случая, один из которых закончился гибелью подростка. Спасатели напоминают жителям о необходимости соблюдать правила безопасности и отдыхать только в разрешённых местах. В области Абай к летнему сезону подготовили 16 официальных мест для купания. На водоёмах усилили меры безопасности и организовали круглосуточное патрулирование опасных участков. Несмотря на это, с начала купального периода в регионе зарегистрировали уже три несчастных случая. Об этом на брифинге в РСК сообщил заместитель начальника ДЧС области Абай Жамбыл Джабаев. По его словам, безопасность на водоёмах остаётся одним из приоритетов для экстренных служб, поскольку большинство трагедий происходит из-за несоблюдения элементарных правил поведения на воде. Как отметил заместитель начальника ДЧС, в регионе официально разрешены для купания 16 мест – 11 пляжей, три базы отдыха и два детских лагеря. К сожалению, в купальный сезон 2025 года на водоёмах области Абай утонули 12 человек, в том числе четыре ребёнка. Анализ показывает, что большинство происшествий происходит из-за переоценки собственных возможностей, купания в состоянии алкогольного опьянения и оставления детей без присмотра взрослых, – сказал Жамбыл Джабаев. Для обеспечения безопасности на водоёмах действует специальный план мероприятий. Спасатели совместно с полицией и воинской частью патрулируют места массового отдыха и опасные участки, проводят профилактические рейды и встречи с населением. Для повышения эффективности профилактической работы совместно с полицией и воинской частью организовано патрулирование мест массового отдыха и участков повышенной опасности. Всего привлечено 104 сотрудника личного состава, – отметил он. Отдельно спикер остановился на происшествиях этого года. С начала купального периода в области произошло три несчастных случая. Один из них – факт утопления несовершеннолетнего школьника 2011 года рождения, произошедший 7 июня на озере «Колхозное» в районе Жанасемей. Трагедия произошла в месте, запрещённом для купания, – сообщил Жамбыл Джабаев. Кроме того, с начала сезона за нарушение правил безопасности на водоёмах составили девять административных протоколов. В завершение заместитель начальника ДЧС призвал жителей и гостей области купаться только в разрешённых местах, не оставлять детей без присмотра и соблюдать правила безопасности на воде.
Динмухамед Бейсембаев
09.06.2026
Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады
Президентке Абай облысының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы төрт айдағы көрсеткіштері туралы есеп берілді. Берік Уәлидің айтуынша, өткен жылы өңірлік жалпы өнім көлемі 3,9 триллион теңгеге жетті. Биыл қаңтар-сәуір айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,8 пайызды құрады. Инвестиция көлемі 19,4 пайызға өсіп, өнеркәсіп, өңдеу секторы, ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік салаларында оң динамика сақталды. Мемлекет басшысына инвестиция тарту бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндалды. Былтырдан бастап жалпы инвестициялық пулға кіретін жобалар саны 29-дан 112-ге дейін ұлғайды. Тартылатын инвестиция көлемі 2,2 триллион теңгеден 4,4 триллион теңгеге дейін артты. Ірі инвестициялық жобалар қатарында құны 577,5 миллиард теңге болатын «Аягөз – Бақты» теміржол желісінің құрылысы жүргізілуде. Семей қаласында құны 714 миллиард теңгені құрайтын жаңа жылу электр орталығы мен жалпы инвестиция көлемі 255 миллиард теңге болатын тау-кен байыту комбинатын салу жобалары жүзеге асырылып жатыр. Облыс әкімі арнайы экономикалық аймақ құру жұмыстары туралы да баяндады. Семей қаласында жоспарланған аймақта жалпы құны 400 миллиард теңгені құрайтын өндірістік жобаларды іске асыру және 2500 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Үш ірі жоба бойынша ұсыныс келіп түсті. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алакөл туристік аймағын дамыту барысы туралы ақпарат берілді. Биыл жағалау инфрақұрылымын жаңғыртуға 15,4 миллиард теңге бөлінген. Соның ішінде электр желілерін тарту және Үржар әуежайының терминалын реконструкциялау үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 11,6 миллиард теңге қарастырылған. Президентке өңірдегі инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бағытында қолға алынған жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, сумен жабдықтау, кәріз және жылу желілерін жаңарту, Семей қаласындағы жаңа көпір құрылысын аяқтау, тұрғын үй құрылысы мен жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары баяндалды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, «Абайға құрмет» акциясын лайықты деңгейде жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Динмухамед Бейсембаев
09.06.2026
Лента новостей
100 песен - в Семее планируют установить международный рекорд
Маргарита Бутина
09.06.2026
"Қолжетімді құқық аумағы" акциясы өтті
Динмухамед Бейсембаев
09.06.2026
Укрепляя сотрудничество: делегация области Абай прибыла в Китай
Маргарита Бутина
09.06.2026
Двойная жизнь: в области Абай зафиксировали подмену данных о транспортном средстве
Маргарита Бутина
09.06.2026
Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды
Динмухамед Бейсембаев
09.06.2026
Опасные воды: спасатели обратились к жителям области Абай
Динмухамед Бейсембаев
09.06.2026
Дорога без дефектов: новые правила в Казахстане улучшают качество ремонта
Маргарита Бутина
09.06.2026
Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады
Динмухамед Бейсембаев
09.06.2026
В области Абай расширили инвестиционный пул и реализуют крупные инфраструктурные проекты
Динмухамед Бейсембаев
09.06.2026
Борьба начинается с профилактики: противостояние наркопреступности обсудили в области Абай
Динмухамед Бейсембаев
09.06.2026






