Объектив Восток — свежие новости области Абай, города Семей и Казахстана

Главные новости
В Семее готовят новые масштабные проекты: что изменится в городской инфраструктуре
Динмухамед Бейсембаев
04.11.2026

Лента новостей
Лучшие условия: в Усть-Каменогорске обновляют казарму для нацгвардейцев
Динмухамед Бейсембаев
04.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді
Динмухамед Бейсембаев
04.11.2026
Абай облысының спортшылары жыл басынан бері 1262 медаль жеңіп алды
Динмухамед Бейсембаев
04.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде
Динмухамед Бейсембаев
04.11.2026
Асел Жанасова назначена министром транспорта Казахстана
Динмухамед Бейсембаев
04.11.2026
В Семее изменится движение трёх автобусных маршрутов
Динмухамед Бейсембаев
04.11.2026
В Семее готовят новые масштабные проекты: что изменится в городской инфраструктуре
Динмухамед Бейсембаев
04.11.2026
«Әділет» партиясының облыстық штабы Диагностикалық орталық ұжымымен кездесті
Динмухамед Бейсембаев
03.11.2026


Технологии
Регионы
Лучшие условия: в Усть-Каменогорске обновляют казарму для нацгвардейцев
Динмухамед Бейсембаев
04.11.2026
Три дня поисков завершились успешно: пропавшего подростка из области Абай нашли в Павлодаре
В области Абай завершились поиски 15-летнего подростка, которого разыскивали на протяжении трёх дней. Сегодня около 15:00 его обнаружили в Павлодаре, в доме бабушки. Он цел и невредим. После поступления сообщения о пропаже сотрудники криминальной полиции Департамента полиции области Абай незамедлительно приступили к поискам. Полицейские проверяли возможные места пребывания несовершеннолетнего, устанавливали его связи и адреса проживания близких родственников, сообщили в пресс-службе ДП области Абай. По предварительным данным, подросток самостоятельно отправился в Павлодар на такси, не предупредив мать. В ближайшее время его вернут в семью. Обстоятельства произошедшего и причины самовольного ухода будут выяснены, - добавили в ведомстве. Поскольку подросток и прежде уходил из дома, вопрос повторно вынесут на рассмотрение комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав. Специалисты оценят условия проживания, взаимоотношения в семье и определят, какая помощь необходима ребёнку и его родителям. При наличии оснований будет рассмотрен вопрос об ответственности законных представителей. Ситуация находится на контроле Департамента полиции области Абай. Основная задача - обеспечить безопасность подростка, оказать необходимую поддержку и предупредить повторные уходы. Полиция напоминает родителям: при исчезновении ребёнка необходимо незамедлительно обращаться по номеру 102. Ждать трое суток не нужно. Фото улучшено ИИ Gemini
Динмухамед Бейсембаев
03.11.2026
Меньше отчетов, больше времени ученикам: в Казахстане снизят нагрузку на учителей
Динмухамед Бейсембаев
03.11.2026
В Казахстане будут выпускать почти 500 новых наименований лекарств
Динмухамед Бейсембаев
03.11.2026

Непогода наступает: в области Абай ожидают снег и гололёд
Динмухамед Бейсембаев
20.10.2026
Модернизацию автомобильных пунктов пропуска в Казахстане завершат в 2027 году
В настоящее время в Казахстане продолжается модернизация 37 автомобильных пунктов пропуска. Завершить работы планируется до конца 2027 года. Об этом сообщил Первый заместитель Премьер-министра РК Нурлыбек Налибаев на пресс-конференции Правительства РК по вопросам развития реального сектора экономики в соответствии с поручениями, данными в Послании Президента «Актуальные задачи Казахстана в новом историческом цикле». В транспортной отрасли перевезено 712 млн тонн грузов, что на 0,9% больше, чем за аналогичный период прошлого года. Перевезено порядка 1,5 млрд пассажиров, что на 3,4% больше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Объем транзитных грузоперевозок железнодорожным транспортом увеличился на 15% и достиг 33,8 млн тонн. По всем основным показателям наблюдается положительная динамика. В Послании народу Казахстана Глава государства поставил конкретную задачу по превращению страны в транспортно-логистический хаб Евразии. Мы уделяем приоритетное внимание развитию транспортной инфраструктуры. В настоящее время продолжается модернизация 37 автомобильных пунктов пропуска. Завершить ее планируем до конца следующего года. Для создания благоприятных условий грузоперевозчикам ведется развитие придорожной инфраструктуры на всем протяжении международных автомобильных коридоров, начиная от государственной границы, – сообщил Нурлыбек Налибаев. По его словам, сегодня вдоль автомобильных дорог функционируют 1 465 объектов придорожного сервиса. За последние три года построен 221 объект. Инвестиции в эти проекты вложили крупные компании. Речь идет о полноценных придорожных сервисных комплексах, отвечающих высоким стандартам качества и комфорта, с автозаправочными станциями, гостиницами, магазинами и станциями технического обслуживания.
Редактор
04.11.2026
Лучшие условия: в Усть-Каменогорске обновляют казарму для нацгвардейцев
В воинской части №5518 Национальной гвардии Казахстана модернизируют казарму, в которой живут более 300 солдат. В здании уже обновили несколько этажей, оборудовали душевые и установили стиральные машины. Полностью завершить ремонт планируют в марте 2027 года. На третьем и четвертом этажах казармы уже закончили внутреннюю отделку и обновили инженерные коммуникации. Также привели в порядок систему горячего водоснабжения и переоборудовали душевые. Теперь на каждом этаже есть четыре душевые кабины и две стиральные машины, сообщили в пресс-службе РгК «Шығыс». Командир воинской части полковник Ельтай Рахимжанов отметил, что обновление казармы должно улучшить бытовые условия военнослужащих срочной службы. Полноценный отдых военнослужащих срочной службы и соответствие бытовых условий установленным требованиям напрямую влияют на качество выполнения ими служебных задач. Поэтому при обновлении казармы мы уделяем внимание каждой детали. Здесь предусмотрено всё необходимое для отдыха солдат, соблюдения личной гигиены и повседневного быта. Наша главная задача – создать для молодых защитников Отечества комфортную и безопасную среду, – отметил полковник Ельтай Рахимжанов. Обновление казармы проходит в два этапа. Первый уже завершился: в здании заменили окна и напольные покрытия. Сейчас продолжается внутренняя отделка помещений. Кроме того, здесь установят более 20 камер видеонаблюдения, чтобы усилить безопасность и контроль за внутренним порядком. Полностью завершить обновление казармы, рассчитанной более чем на 300 солдат, планируют в марте 2027 года. Между тем недавно в воинскую часть прибыли около 150 новобранцев из Астаны, области Абай, Костанайской и Павлодарской областей. В середине ноября они примут военную присягу.
Динмухамед Бейсембаев
04.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді
Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері қалада 120-ға жуық спорттық жарыс өткізіліп, бірнеше жаңа спорт нысаны пайдалануға берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қуат Исажанов мәлімдеді. Қуат Исажановтың айтуынша, биыл қалада спорттың түрлі түрінен чемпионаттар, біріншіліктер, кубоктер, турнирлер мен әуесқойлар лигалары ұйымдастырылған. Олардың қатарында футзалдан «Әуесқойлар лигасы», қазақ күресінен «Наурыз батыры», баскетбол мен волейболдан қалалық жарыстар, сондай-ақ «Бірлік жүгірісі» шағын марафоны бар. Биыл қала күніне орай бірнеше ірі спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Төртінші жыл қатарынан «SEMEY BATYRY» күштік экстрим жарысы өткізілді. Сонымен қатар алғаш рет «TUNGI RUN SEMEY-2026» түнгі марафоны ұйымдастырылып, оған 500-ге жуық қала тұрғыны қатысты. Қоян-қолтық ұрыстан өткен «ARB SEMEY» турниріне Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясының спортшылары қатысты, — деді Қуат Исажанов. Бөлім басшысы спортшылардың облыстық жарыстарға қатысуына да тоқталды. 2026 жылғы күнтізбелік жоспарға сәйкес 70-тен астам облыстық жарысқа Семей қаласынан 1100-ге жуық спортшыны жіберу көзделген. Биыл 17-22 мамыр аралығында Семейде Абай облысы әкімінің жүлдесіне арналған халық спорты ойындары өтті. Жарысқа облыстың 10 ауданы мен екі қаласының командалары қатысып, спорттың 10 түрінен бақ сынады. Нәтижесінде Семей қаласының құрамасы 245 ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді. Қала спортшылары халықаралық деңгейдегі жарыстарда да жоғары нәтижелер көрсетуде. Атап айтқанда, Вадим Чебардаков жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіруден әлем чемпионатында масс-старт сайысынан алтын медаль жеңіп алды. Ал Анастасия Беловодова командалық спринтте әлем чемпионы атанды. Спорт саласындағы маңызды бағыттардың бірі – инфрақұрылымды дамыту. Биыл Водный және Бобровка кенттеріндегі дене шынықтыру кешендері, Ұшақтар кентіндегі дене шынықтыру кешені мен теннис орталығы пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта Мирный кентінде «Самұрық-Қазына» қорының демеушілігімен жаңа спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар биыл «Спартак» стадионында UEFA талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды. Футбол маусымында стадионда «Елімай» футбол клубының Премьер-лига ойындарымен қатар, UEFA Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіндегі кездесуі де өткізілді. Қазіргі таңда Семей қаласында Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты алты спорт мектебі мен екі спорт клубы жұмыс істейді. Онда 6000-нан астам бала мен жасөспірім спорттың түрлі түрімен шұғылданады. 2026 жылы қала тұрғындарының арасында дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындар үлесін 44,3 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жаңа спорт нысандарын ашу және бұқаралық спорттық іс-шараларды көбейту арқылы жүзеге асырылмақ. Фото ЖИ Gemini
Динмухамед Бейсембаев
04.11.2026
Абай облысының спортшылары жыл басынан бері 1262 медаль жеңіп алды
Абай облысында бұқаралық спортты дамыту, спорт инфрақұрылымын жетілдіру және жоғары жетістіктер спортын қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда өңір тұрғындарының 42 пайызы дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысады. Ал облыс спортшылары биылғы тоғыз айда халықаралық және республикалық жарыстарда 1262 медаль иеленген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақыт Бекбосынов хабарлады. Бақыт Бекбосыновтың айтуынша, өңірде спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындар саны 238 895 адамды құрайды. Жоспарланған спорт нысандарын пайдалануға беру және бұқаралық спортты дамыту шараларының нәтижесінде бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 44 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Басқарма басшысының мәліметінше, қазіргі уақытта облыс аумағында 19 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар «Абайға құрмет» акциясы аясында Семей қаласында бірқатар ірі спорттық нысандар бой көтеруде. «Абайға құрмет» акциясы аясында Ақтөбе облысының қолдауымен Жекпе-жек сарайы, Павлодар облысының қолдауымен Үстел теннисі орталығы салынып жатыр. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен дене шынықтыру-сауықтыру кешені, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Инклюзивтік спорт сарайы және «KAZ Minerals» компаниясының қолдауымен стадион салу жобалары жүзеге асырылуда, — деді Бақыт Бекбосынов. Сондай-ақ Семей қаласында «Freedom Holding» компаниясының қолдауымен жабық футбол манежінің құрылысы жүргізілуде. Спикер биыл пайдалануға берілген спорт нысандарына да тоқталды. Атап айтқанда, Семей қаласының Бобровка және Водный кенттерінде спорт кешендері, Ақсуат ауданының Екпін және Ойшілік ауылдарында спорт модульдері ашылды. Бұдан бөлек, Ұшақтар ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Аягөз ауданының Қопа ауылында модульдік спорт залы пайдалануға берілді. Басқарма басшысының айтуынша, облыстағы 26 спорт мекемесінде 15 783 спортшы жаттығады. Олардың 14 422-сі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде тәрбиеленуде. Спортшыларды даярлауға 762 жаттықтырушы жұмылдырылған. 2026 жылы Абай облысынан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына 458 спортшы енді. Ал тоғыз айдың қорытындысы бойынша өңір спортшылары халықаралық және республикалық жарыстарда барлығы 1262 медаль жеңіп алды. Оның ішінде халықаралық жарыстарда 167 медаль иеленді, — деді ол. Спикер өңір спортшыларының халықаралық аренадағы жетістіктеріне де ерекше тоқталды. Жапонияның Нагоя қаласында өткен Азия ойындарында дзюдошы Ажар Асхат 70 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ Ерасыл Қажыбаев пен Ажар Асхат командалық жарыста күміс медаль иеленді. Бұдан бөлек, Қытайда өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында спорттық гимнастикадан Ульяна Пухова мен Саида Қасымжанова командалық есепте қола жүлдеге қол жеткізді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы аталған жарыста 28 жылдан кейін алғаш рет командалық есепте жүлдегер атанды. Бақыт Бекбосыновтың мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 500-ге жуық аудандық және қалалық, 150 облыстық және 50-ге жуық республикалық спорттық іс-шара ұйымдастырылған. Сонымен қатар жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшылар мен жаттықтырушыларға қаржылай қолдау көрсетілуде. Қазіргі таңда 28 спорт түрі бойынша жүлделі орындар иеленіп жүрген 162 спортшы мен 18 жаттықтырушыға ай сайынғы ақшалай төлем жүргізілуде. Бұл мақсатқа бөлінетін қаржы көлемі 174 миллион теңгеден 362 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ 233 жаттықтырушы тестілеуден өтіп, лауазымдық жалақысының 30 пайызы мөлшерінде қосымша ақы алуда, — деді басқарма басшысы. Сөз соңында спикер спорт саласын цифрландыру жұмыстарына тоқталды. Қазіргі уақытта Абай облысында «E-Sport» платформасын енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Жоба спорт ұйымдарының жұмысын автоматтандыруға, спортшылар туралы мәліметтерді жүйелеуге және саланы басқару тиімділігін арттыруға бағытталған.
Динмухамед Бейсембаев
04.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде
Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының ветеринария басқармасының басшысы Ержан Барышев мәлімдеді. Бүгінде облыс аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында 805 931 бас ірі қара, 1 млн 294 мыңнан астам ұсақ мал, 434 578 бас жылқы, 651 бас түйе және 3 318 бас шошқа тіркелген. 2026 жылға арналған жоспар аясында 251 381 бас ірі қара, 455 576 бас ұсақ мал, 104 999 бас жылқы, 2 097 бас шошқа және 135 бас түйе есепке алынды. Эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жануарларды бірдейлендіру мен профилактикалық шаралардың маңызы зор. Биыл ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы 8,163 млн профилактикалық манипуляция жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда оның 6,613 миллионы орындалды. Сонымен қатар 2,076 млн биологиялық сынама диагностикалық зерттеуге жеткізілді, – деді Ержан Барышев. Ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту аясында биыл аудан орталықтарында 7 ветеринариялық станция, ауылдық округтерде 61 ветеринариялық пункт және 40 мал қорымымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Ал 2027 жылы қосымша 50 ветеринариялық пункт пен 78 мал қорымын салу жоспарланған. Сонымен қатар ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Биыл 24 арнайы автокөлік сатып алынды. Оның ішінде қызметтік, мал тасымалдауға, дезинфекция жүргізуге және ветеринариялық препараттарды тасымалдауға арналған техникалар бар. Ветеринариялық мамандардың жұмыс жағдайын жақсарту және қызмет сапасын арттыру – негізгі міндеттердің бірі. Осы бағытта техникалық жабдықтау жұмыстары жалғасады. Сондай-ақ ветеринариялық қызметті реформалау аясында мамандарға қосымша төлемдер мен үстемақылар енгізу мәселесі қарастырылуда, – деп атап өтті басқарма басшысы.
Динмухамед Бейсембаев
04.11.2026




























