Здравоохранение
Фильтр по дате
Показывает записи только за выбранный день.
Больницы области Абай получат новое оборудование и решат вопрос с дефицитом кадров
В регионе закупают современную медицинскую технику, привлекают врачей в сёла и готовят к ремонту больницы и поликлиники. В 2026 году обновление здравоохранения продолжится в Семее, Курчатове и районах области. О развитии медицинской сферы региона на брифинге в РСК рассказал руководитель управления здравоохранения области Абай Талгат Молдабеков. Сегодня в регионе действуют 325 медицинских объектов, в том числе 29 больниц. К организациям первичной медико-санитарной помощи прикреплены более 611 тысяч человек. Для привлечения врачей в сёла предусмотрены финансовые стимулы. В 2025 году 11 специалистов дефицитных направлений, согласившихся проработать в сельской местности не менее пяти лет, получили единовременные выплаты в размере 100 минимальных заработных плат. По узким специалистам всегда есть дефицит, даже в крупных городах. В нашей области есть нехватка детских нейрохирургов, отоларингологов. Со строительством детской больницы, я думаю, эта проблема решится. Со взрослыми специалистами проблем нет. При поддержке акима области мы выделяем дополнительное финансирование для тех молодых врачей, которые изъявили желание поехать работать в село. При помощи стимуляционных выплат мы частично перекрываем дефицит специалистов на селе, - подчеркнул Талгат Молдабеков. В прошлом году медицинские учреждения области получили 2 996 единиц оборудования. Среди крупных приобретений – ангиограф для больницы скорой медицинской помощи, МРТ для городской больницы № 1 Семея и компьютерный томограф для Аксуатской районной больницы. Для Аягозской многопрофильной центральной районной больницы дополнительно приобретён магнитно-резонансный томограф. В рамках Комплексного плана по борьбе с онкологическими заболеваниями на 2023–2027 годы закуплено 16 единиц оборудования, включая 128-срезовый компьютерный томограф, маммограф экспертного класса и видеоэндоскопическую систему, – подчеркнул глава ведомства. В 2026 году для диагностики онкологических заболеваний планируют приобрести ещё 12 единиц техники. На 2027 год намечена закупка оборудования в лизинг. Новую аппаратуру направят в районные больницы, городские поликлиники и специализированные учреждения. Также в этом году капитально отремонтируют медицинские объекты в Семее, Курчатове и пяти районах области. В Семее обновят кровлю и фасад больницы скорой медицинской помощи, отремонтируют вспомогательные здания городской больницы № 1 и заменят лифт в областном перинатальном центре. Для ремонта объектов центра психического здоровья и центра фтизиопульмонологии подготовят проектную документацию. В завершение брифинга Талгат Молдабеков сообщил, что эпидемиологическая ситуация по гриппу и ОРВИ в Семее остаётся стабильной. По его словам, вакцину «Гриппол» уже получили и использовали, речь идёт примерно о 2 тысячах доз.
Динмухамед Бейсембаев
13.10.2026
Борьбу с лишним весом у детей начинают в Казахстане со школьных столовых
Согласно исследованиям, избыточная масса тела выявляется практически у каждого четвёртого ребёнка в возрасте от 5 до 9 лет. Специалисты подчёркивают: лишний вес у детей ведёт к хроническим заболеваниям, и контроль питания и физических нагрузок - лучший способ этого избежать. Профилактика избыточного веса и метаболических нарушений у детей стала одной из тем Первого республиканского форума «Саламатты мектеп» в Астане. По данным мультииндикаторного кластерного обследования 2024 года, избыточная масса тела выявлена у 23,2% детей в возрасте 5–9 лет. Как отмечают в Министерстве здравоохранения РК, проблему важно выявлять и предупреждать уже в школьном возрасте. Профилактика начинается с повседневной среды ребенка: сбалансированного питания, достаточной физической активности, формирования здоровых привычек и своевременной оценки факторов риска. Избыточный вес в детстве связан с повышенным риском развития сахарного диабета 2 типа и сердечно-сосудистых заболеваний в дальнейшем. В 2025 году среди детей и подростков до 18 лет зарегистрировано 1 104 случая сахарного диабета 2 типа, из них 237 - впервые выявленные, - отмечают в Минздраве. В рамках «Саламатты мектеп» особое внимание уделяется качеству школьного питания, доступности физической активности, профилактике заболеваний и взаимодействию школы, семьи и системы здравоохранения. При этом важно обходиться без ярлыков и насмешек: задача взрослых — создавать условия, в которых здоровый образ жизни становится естественной частью повседневности ребёнка. Здоровье ребенка формируется не одной акцией и не одним визитом к врачу. Это результат среды, в которой он каждый день учится, питается, двигается и растет, - подчёркивают в Министерстве здравоохранения РК.
Маргарита Бутина
12.10.2026
Партия «Әділет» организовала обследования и консультации врачей для женщин в регионах Казахстана
Женщины в разных регионах Казахстана получают возможность пройти обследование молочных желёз и проконсультироваться с профильными врачами. В стране проходит республиканский месячник «Әйел өмірі үшін», организованный Женским крылом партии «Әділет». В поликлиниках идут дни открытых дверей, диагностические обследования и встречи, на которых специалисты рассказывают о профилактике рака молочной железы и важности ранней диагностики. Так, в городской поликлинике №6 Астаны состоялся день открытых дверей. Женщины смогли пройти обследование и получить консультации онколога-маммолога и акушера-гинеколога. По словам врача онкомаммолога Актилек Руслановой, ежедневно в поликлинике маммографию проходят от 30 до 40 женщин. Некоторые женщины ставят заботу о семье и повседневные дела выше собственного здоровья, откладывая визит к врачу. Между тем своевременное прохождение скрининга позволяет выявить заболевание на ранней стадии и вовремя начать лечение, – отметила специалист. О важности своевременной диагностики знает и Гульбара Кулышева. Для неё регулярные обследования уже стали привычной частью заботы о собственном здоровье. Она старается не откладывать визиты к врачу и внимательно следить за своим самочувствием. Я узнала, что в поликлинике проходит день открытых дверей, и решила прийти на обследование. Планирую пройти УЗИ. Я регулярно слежу за своим здоровьем и каждый год прохожу обследования, — рассказала Гульбара Кулышева. Здоровье казахстанцев и доступность медицинской помощи – одни из приоритетов предвыборной программы партии «Әділет». Партийцы считают, что важно не только лечить заболевания, но и выявлять их на ранней стадии. Об этом рассказала заместитель председателя Астанинского городского филиала партии Мария Утебаева. Забота о женском здоровье – общая задача всего общества. В рамках месячника «Әйел өмірі үшін» партия «Әділет» проводит информационные встречи и дни открытых дверей, чтобы женщины могли получить необходимые сведения о своём здоровье и проконсультироваться со специалистами. Наша главная цель – напомнить женщинам о важности своевременного обследования и внимательного отношения к своему здоровью, – подчеркнула Мария Утебаева. Например, В Жамбылской области мобильный медицинский комплекс посетил сёла Кошкарата и Куренбель Жуалынского района. Компьютерную томографию прошли 95 человек, ультразвуковое исследование – 92 жителя, маммографию – 34 женщины. Кроме того, встречи с женщинами состоялись в Байзакском, Жамбылском, Кордайском, Сарысуском и Мойынкумском районах. В Кокшетау Акмолинской области Женское крыло партии «Әділет» совместно с Ассоциацией онкологов-маммологов организовало встречу «5 минут о здоровье молочной железы». Врач онкомаммолог Куаныш Идрисов рассказал об основных факторах риска и первых признаках заболевания, а также ответил на вопросы участниц. А вот в городе Сатпаев области Улытау день открытых дверей прошёл в центральной поликлинике. Около 200 женщин получили консультации гинекологов, маммологов, хирургов и других профильных специалистов. Отметим, республиканский месячник «Әйел өмірі үшін» продолжается во всех регионах Казахстана. Его главная задача – привлечь внимание женщин к своему здоровью, повысить осведомлённость о профилактике рака молочной железы и важности ранней диагностики.
Динмухамед Бейсембаев
09.10.2026
«Әділет» партиясы ел аумағында әйелдерге медициналық тексерулер мен дәрігерлерден кеңес алу жұмысын ұйымдастырды
Қазақстанның барлық өңірінде әйелдер сүт безі обырының алдын алу бойынша тексерілуден өтіп, бейінді дәрігерлерден кеңес алу мүмкіндігіне ие болуда. Бастаманы «Әділет» партиясының Әйелдер қанаты ұйымдастырып отыр. Емханаларда ашық есік күндері, диагностикалық тексерулер мен кездесулер ұйымдастырылып, мамандар сүт безі обырының алдын алу және ауруды ерте анықтаудың маңыздылығы туралы ақпарат беруде. Мәселен, Астана қаласының №6 қалалық емханасында ашық есік күні өтті. Әйелдер онколог-маммолог және акушер-гинеколог мамандардан кеңес алып, тексерілді. Емхана дәрігері, онкомаммолог Ақтілек Русланованың айтуынша, мұнда күн сайын 30-40 әйел маммографиялық тексеруден өтеді. Кейбір әйелдер отбасы мен күнделікті тірлікті бірінші орынға қойып, өз денсаулығын кейінге қалдырады. Уақтылы скринингтен өту ауруды ерте кезеңде анықтап, емдеу шараларын ертерек бастауға мүмкіндік береді, – деді маман. Дер кезінде диагностикадан өтудің маңыздылығын Гүлбара Құлышева да жақсы біледі. Ол үшін тұрақты тексеруден өту өз денсаулығына қамқорлық жасаудың үйреншікті дағдысына айналған. Ол дәрігерге баруды кейінге қалдырмай, денсаулығына бей-жай қарамауға тырысады. Емханада ашық есік күні өтіп жатқанын естіп, тексерілуді ұйғардым. УДЗ-дан өтуді жоспарлап отырмын. Мен денсаулығымды үнемі қадағалап, жыл сайын тексеруден өтіп тұрамын, – деді Гүлбара Құлышева. Қазақстандықтардың денсаулығы мен медициналық көмектің қолжетімділігі – «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі. Партия өкілдерінің пікірінше, ауруларды емдеумен қатар, оларды ерте кезеңде анықтауға да ерекше мән беру маңызды. Бұл туралы партияның Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мария Өтебаева мәлімдеді. Әйел денсаулығын қорғау – қоғамның ортақ міндеті. «Әйел өмірі үшін» айлығы аясында «Әділет» партиясы ақпараттық кездесулер мен ашық есік күндерін ұйымдастырып, әйелдерге қажетті медициналық ақпарат пен мамандар кеңесін алуға жағдай жасауға атсалысуда. Басты мақсатымыз – әйелдердің өз денсаулығына уақтылы көңіл бөлуіне ықпал ету, – деді Мария Өтебаева. Сондай-ақ Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Қошқарата және Күреңбел ауылдарына жылжымалы медициналық кешен барып, 95 адам компьютерлік томографиядан, 92 тұрғын ультрадыбыстық зерттеуден, 34 әйел маммографиядан өтті. Сонымен қатар Байзақ, Жамбыл, Қордай, Сарысу және Мойынқұм аудандарында әйелдермен кездесулер ұйымдастырылды. Ал Ақмола облысының Көкшетау қаласында «Әділет» партиясының Әйелдер қанаты мен Онколог-маммологтар қауымдастығының ұйымдастыруымен «Сүт безінің денсаулығы туралы 5 минут» атты кездесу өтті. Дәрігер-онкомаммолог Қуаныш Ыдырысов аурудың қауіпті факторлары мен алғашқы белгілері туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында да орталық емханада ашық есік күні өтіп, 200-ге жуық әйел гинеколог, маммолог, хирург және басқа да бейінді мамандардан кеңес алды. Айта кетейік, «Әйел өмірі үшін» республикалық айлығы аясындағы іс-шаралар еліміздің барлық өңірінде жалғасады. Оның басты мақсаты – әйелдердің өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру, сүт безі обырының алдын алу және ауруды ерте диагностикалаудың маңыздылығы туралы ақпаратты күшейту.
Динмухамед Бейсембаев
09.10.2026
МӘМС шеңберінде стоматологиялық көмектің қандай түрлері тегін көрсетіледі және оны қандай азаматтар алуға құқылы?
Бүгін Абай облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалы директорының орынбасары Дәурен Серікқанұлы Сүлейменовпен МӘМС шеңберінде тегін стоматологиялық көмек алуға кімдердің құқығы бар, оның көлеміне қандай қызметтер кіретіні және Абай облысында стоматологияны қаржыландыру көлемінің қалай өзгергені туралы әңгімелесеміз. Стоматологиялық көмек халық арасында ең көп сұранысқа ие медициналық қызметтердің бірі. Қазақстан тұрғындары қандай стоматологиялық көмекті тегін ала алады және оны кімдер алуға құқылы? Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-106/2020 бұйрығына сәйкес стоматологиялық көмек шұғыл және жоспарлы болып бөлінеді. Тегін стоматологиялық көмек алу құқығы пациенттің санатына және медициналық ұйымға жүгіну сипатына байланысты. Бұл ретте жоспарлы және шұғыл көмек белгіленген тізбелер мен медициналық көрсетілімдерге сәйкес көрсетіледі. Тегін жоспарлы стоматологиялық көмек кімдерге көрсетіледі? Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-106/2020 бұйрығына сәйкес МӘМС шеңберінде тегін жоспарлы стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға және жүкті әйелдерге көрсетіледі. Жоспарлы стоматологиялық көмек шұғыл медициналық араласуды қажет ететін жағдайлар болмаған кезде көрсетілетін қызметтерді қамтиды. Жоспарлы стоматологиялық көмектің көлемі медициналық көрсетілімдерге және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген медициналық қызметтер тізбесіне сәйкес айқындалады. Бұл ретте балалар мен жүкті әйелдерге көрсетілетін жоспарлы стоматологиялық көмек шеңберіне ортодонтиялық және ортопедиялық көмек жалпы тәртіппен кірмейді. Бұған заңнамада көзделген жақ-бет аймағының туа біткен патологиясы бар балаларға көрсетілетін ортодонтиялық көмек жатпайды. Тегін шұғыл стоматологиялық көмек алуға кімдердің құқығы бар? Шұғыл стоматологиялық көмек шұғыл медициналық араласуды қажет ететін жіті аурулар мен жағдайлар кезінде көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-106/2020 бұйрығына сәйкес МӘМС шеңберінде тегін шұғыл стоматологиялық көмек алуға халықтың мына санаттары құқылы: 18 жасқа дейінгі балалар; жүкті әйелдер; Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар; I, II және III топтағы мүгедектігі бар адамдар; «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналар; атаулы әлеуметтік көмек алушылар; жасына байланысты зейнеткерлер; инфекциялық, әлеуметтік мәні бар аурулары және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар адамдар; мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар; бала кезінен I топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар. Осылайша, аталған санаттарға жататын азаматтар тісінің қатты ауыруы немесе өзге де шұғыл жағдай туындаған кезде Қормен шарт жасасқан медициналық ұйымдарға шұғыл стоматологиялық көмек алу үшін жүгіне алады. Шұғыл стоматологиялық көмек қандай қызметтерді қамтиды? Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмекті ұйымдастыру стандартына сәйкес, ол Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 31 бұйрығымен бекітілген, көрсетілетін көмектің көлемі пациенттің жағдайы мен медициналық көрсетілімдеріне байланысты айқындалады. Шұғыл жағдайда пациентке ауырсынуды басу, диагностикалық зерттеулер жүргізу, тісті жұлу, жіті қабыну процестерін емдеу, абсцесті ашу, периостотомия және қолданыстағы нормативтік құжаттарда көзделген басқа да медициналық қызметтер көрсетілуі мүмкін. Шұғыл стоматологиялық көмектің негізгі мақсаты — жіті жағдайды жою, ауырсынуды басу және ықтимал асқынулардың алдын алу. Стоматологиялық клиникаға жүгіну үшін учаскелік дәрігерден жолдама алу қажет пе? Шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек алу үшін учаскелік дәрігердің жолдамасы талап етілмейді. Пациент Қормен стоматологиялық көмектің тиісті түрін көрсету бойынша шарт жасасқан медициналық ұйымға тікелей жүгіне алады. Сонымен қатар медициналық ұйымға бармас бұрын оның Қормен стоматологиялық қызметтер көрсетуге қолданыстағы шарты бар-жоғын және қажетті көмек түрі бойынша пациенттерді қабылдайтынын нақтылауды ұсынамыз. Абай облысының тұрғындары МӘМС шеңберінде стоматологиялық қызмет көрсететін клиникалар туралы ақпаратты қайдан ала алады? МӘМС шеңберінде стоматологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар туралы ақпаратты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның ресми сайтындағы медициналық қызметтерді жеткізушілерге арналған бөлімнен алуға болады. Клиникаға бармас бұрын оның Қормен қолданыстағы шартының бар-жоғын және көрсететін қызметтерінің тізбесін нақтылауды ұсынамыз, өйткені барлық стоматологиялық ұйымдар МӘМС шеңберінде тегін көмек көрсете бермейді. Тегін стоматологиялық көмекті жекеменшік клиникадан алуға бола ма? Иә. МӘМС шеңберіндегі стоматологиялық көмек мемлекеттік те, жекеменшік те медициналық ұйымдарда көрсетілуі мүмкін. Ол үшін медициналық ұйымның тиісті лицензиясы және Қормен медициналық көмектің тиісті түрін көрсетуге жасалған шарты болуы қажет. Пациент үшін тегін болып саналатын қызметтер — тиісті медициналық пакетке және Қормен жасалған шартқа енгізілген, сондай-ақ пациенттің оларды алуға құқығы болған жағдайда көрсетілетін медициналық қызметтер. Абай облысында соңғы үш жылда стоматологиялық көмекті қаржыландыру қалай өзгерді? Қанша қызмет көрсетілді және қандай қаражат төлеуге ұсынылды? Стоматологиялық көмектің динамикасын бағалау үшін 2024 және 2025 жылдардағы, сондай-ақ 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштерді қарастырайық. 2024 жылы Абай облысының медициналық ұйымдары жалпы сомасы 1 млрд 12,8 млн теңгені құрайтын 232 885 стоматологиялық қызметті төлеуге ұсынды. Оның ішінде жоспарлы стоматологиялық көмек — 128 430 қызмет, сомасы 556,3 млн теңге, ал шұғыл стоматологиялық көмек — 104 455 қызмет, сомасы 456,5 млн теңге болды. 2025 жылы төлеуге жалпы сомасы 1 млрд 132,8 млн теңгені құрайтын 221 657 стоматологиялық қызмет ұсынылды. Оның ішінде жоспарлы стоматологиялық көмек 127 012 қызметті, сомасы 615,9 млн теңгені, ал шұғыл стоматологиялық көмек 94 645 қызметті, сомасы 516,8 млн теңгені құрады. Осылайша, 2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда стоматологиялық қызметтер бойынша төлеуге ұсынылған сома шамамен 119,9 млн теңгеге немесе 11,8%-ға өсті. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысының медициналық ұйымдары жалпы сомасы 435,9 млн теңгені құрайтын 85 967 стоматологиялық қызметті төлеуге ұсынды. Оның ішінде 45 015 қызмет — сомасы 226,2 млн теңге болатын жоспарлы стоматологиялық көмек, ал 40 952 қызмет — сомасы **209,7 млн теңге болатын шұғыл стоматологиялық көмек. Бұл ретте 2026 жылғы деректер тек алты айды қамтитынын атап өткен жөн. Сондықтан оларды 2024 және 2025 жылдардың толық жылдық көрсеткіштерімен тікелей салыстырмай, жеке қарастырған дұрыс. Стоматологиялық қызметтерге ақы төлеу қалай жүзеге асырылады және олар төлеуге ұсынылғаннан кейін не болады? Медициналық қызметтерге ақы төлеу жасалған шарттарға және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Медициналық ұйым белгіленген тәртіппен көрсетілген медициналық қызметтер үшін шот-тізілім қалыптастырып, оны Қорға ұсынады. Қор көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізеді. Мониторинг нәтижелері бойынша жасалған шарттың талаптары мен қолданыстағы тарифтерге сәйкес ақы төлеуге жататын сома айқындалады. Ақы төлеу жүргізілген тексеру нәтижелері ескеріле отырып және шарттық міндеттемелерге сәйкес жүзеге асырылады. Қорытындылай келе, әр азамат өзінің құқықтарын білуі маңызды. Қажетті медициналық көмектің МӘМС пакетіне кіретінін және өзі таңдаған медициналық ұйымның Қормен жасалған шарт шеңберінде тиісті қызметтерді көрсететінін алдын ала нақтылап алған жөн. Фото ЖИ Gemini
Динмухамед Бейсембаев
07.10.2026
Лента новостей
Новый исследовательский реактор: инвестиция в технологии, кадры и будущее атомной науки
Динмухамед Бейсембаев
13.10.2026
Больницы области Абай получат новое оборудование и решат вопрос с дефицитом кадров
Динмухамед Бейсембаев
13.10.2026
Отечественный продукт: новые требования о казахстанских товарах вступают в силу для торговых сетей с 20 октября
Динмухамед Бейсембаев
13.10.2026
Мирас Төлебаев: Қазақстандағы ішкі туризм көлемі 84,4%-ға өсті
Динмухамед Бейсембаев
13.10.2026
Туризм в Казахстане: что изменилось за семь лет и какие проблемы еще предстоит решить
Динмухамед Бейсембаев
13.10.2026
Убийце девушки из области Абай вынесли приговор
Динмухамед Бейсембаев
13.10.2026
Легенда на родине - в области Абай пройдут мероприятия в честь Роллана Сейсенбаева
Маргарита Бутина
13.10.2026
В Семее строят школу BINOM на 1400 ученических мест с современными лабораториями и образовательными пространствами
Динмухамед Бейсембаев
13.10.2026
Водопроводные сети на 2 млрд тенге остались без обслуживания в районе Маканшы области Абай
Маргарита Бутина
13.10.2026
На развитие системы образования Казахстана направят более триллиона тенге
Маргарита Бутина
13.10.2026






