Ауыл бекетінде өтетін оқу-жаттығу кезінде құқық қорғау және арнайы органдардың террористік сипаттағы қатерлердің жолын кесуге дайындығы тексеріледі. Осыған байланысты жаттығу өтетін нысандардың айналасында уақытша шектеу шаралары енгізіледі.

2026 жылғы 18 қыркүйекте Абай облысы Бородулиха ауданының Ауыл бекетінде Абай облыстық терроризмге қарсы жедел штабының ұйымдастыруымен «Сақшы-Антитеррор-2026» антитеррористік оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда.

Іс-шараның мақсаты – терроризм сипатындағы түрлі қатерлердің жолын кесу кезінде құқық қорғау және арнайы органдар күштері мен құралдарының әзірлік деңгейін тексеру.

Оқу-жаттығу өткізілетін объектілердің айналасында уақытша шектеу шаралары көзделген.

Азаматтардан сабырлық сақтауды, ақпаратқа тек ресми дереккөздер арқылы сенуді, халық арасында жалған мәліметтердің таралуына жол бермеуді және оқу-жаттығуға қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің іс-қимылдарына түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Абай облысының терроризмге қарсы жедел штабы