Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына сәйкес, қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы арнайы түсімдерге жатқызылады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі №152 бұйрығына сәйкес аталған төлем бойынша бюджеттік сыныптама коды (КБК) 105316-дан 401101-ге өзгертілді.

870.00 (СЕН) нысаны бойынша декларацияда төлемақыны есепке жатқызу көрсетілген өзгерістерге сәйкес жаңартылды. Тиісті жаңарту 2026 жылғы 3 ақпанда енгізілді.

Осыған орай, 2026 жылдан бастап қоршаған ортаға теріс әсер үшін төлемақыны КБК 401101 коды бойынша төлеу қажет.

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді төлемдерді жүзеге асыру кезінде бюджеттік сыныптама кодын дұрыс көрсетуге шақырады.

Фото ЖИ Recraft