Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаға байланысты екі құқықбұзушыны анықтап, оларға қатысты әкімшілік шара қолданды. Бұрын бірнеше рет жауапқа тартылған азамат 10 тәулікке қамалса, екінші қатысушыға 20 АЕК айыппұл салынды.
Олардың бірі бұрын бірнеше рет әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған: бұзақылық үшін, есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін, сондай-ақ 2022 жылғы сот үкімімен – денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін. Ол төрт жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасына сотталып, қазіргі уақытта пробациялық бақылауда тұр.
Құқықбұзушылар полиция бөліміне жеткізілді. Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот қаулысына сәйкес екеуі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды: бұрын сотталған азамат 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған, ал екінші қатысушыға 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзатын және Қазақстан Республикасының халықаралық беделіне нұқсан келтіретін кез келген әрекеттер қатаң әрі дер кезінде тоқтатылатынын атап өтеді. Өңірдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда.
Фото: Recrfat ЖИ



























