Өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу – өңір экономикасының негізгі бағыттары. 2026 жылғы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау науқаны аясында «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидаттар «Судоремонтный завод» ЖШС ұжымымен кездесіп, партияның Абай облысы бойынша 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Кездесуге партиядан мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттар Лилия Муслимқызы, Эльзира Солтабаева, Ербол Түскенов, Марат Макишев және Алмас Әділбеков қатысты. Олар өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған негізгі жоспарларды таныстырды.
Бағдарламада 2031 жылға қарай экспорттың жалпы көлеміндегі өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізу көзделген. Сонымен қатар су үнемдеу технологиялары қолданылатын суармалы жер көлемін 2026 жылғы 35 мың гектардан 2030 жылы 88,2 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланған.
Кәсіпкерлікті қолдау бағытында 164-тен астам кәсіпкерге жеңілдетілген кредит беру, әлеуметтік кәсіпкерліктің 16 субъектісіне мемлекеттік грант ұсыну және 1 620 кәсіпкерлік субъектісіне несие мөлшерлемесінің 12,6%-ы көлемінде субсидия беру қарастырылған. Ал жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 18 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.
Өңір экономикасының тұрақты дамуы үшін өндіріс орындарының әлеуетін арттырумен қатар, кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасау маңызды. Әрбір экономикалық бастама кәсіпорындардың дамуына, еңбек адамдарының мүмкіндіктерінің кеңеюіне және тұрғындардың тұрмыс сапасының жақсаруына ықпал етуі керек, – деп атап өтті кездесу барысында Алмас Әділбеков.
Зауыт қызметкерлері өңірдің экономикалық дамуына қатысты ой-пікірлерін білдіріп, кандидаттарға сауалдарын жолдады.
Дайындады: «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Ибраев А.М.
Абай облысы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді


























