2025 жылдың желтоқсандағы айлық инфляция деңгейі 0,9% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 1,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 0,7%, ақылы қызметтер 0,6% өсті.
Өткен айда апельсин бағасы 2,6%, сәбіз – 2%, қант – 1,3%, жұмыртқа 0,1% төмендеді. Ал концентратталған сүт – 2,1%, қатты ірімшік – 1,8%, көкөніс шырындары 1,6% қымбаттады.
Жекелеген дәрі-дәрмектердің бағасы төмендеді: супрастин – 18,5%, энап – 5,2%, канефрон – 1,4%, йодомарин мен азитромицин – әрқайсысы 0,9%-дан.
Автомобильдер – 0,4%, электр құралдары 0,9% арзандады. Смартфондар – 0,9%, жеке гигиена тауарлары 1,1% қымбаттады.
Коммуналдық қызметтер арасында су бұру тарифтері 2,4%, суық су – 0,9% төмендеді.
Бір ай ішінде такси қызметтері 1,8%, моншаға бару – 2,1%, кинотеатр қызметтері – 2,9% қымбаттады.
2025 жылғы жылдық инфляция 12,3% құрады. Желтоқсанда азық-түлік тауарларының жылдық деңгейі – 13,5%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 11,1%, ақылы қызметтердікі 12% өсті.
Азық-түлік тауарлары арасында жылдық мәнде баға қызанаққа – 7,9%, күрішке – 4,8%, қиярға – 4,7%, тәтті бұрышқа – 2,7%, кептірілген өрікке 2% төмендеді. Керісінше жүзім – 7,7%, көк шай бағасы 7,9% өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында аяқ киімге жағатын крем бағасы 10,8%, сантехникалық қоспалауыш – 8,5%, электр бұрғысы 6,6% қымбаттаған. 2025 жыл ішінде тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық су тарифтері 13,1% төмендеді. Аяқ киім жөндеу бағасы – 10,1%, пошта қызметтері – 8,9%, автосақтандыру 6,5% өсті.
Өңірлер арасында жылдық инфляцияның төмен деңгейі Алматы қаласы мен Қостанай облысында – 11,7%, сондай-ақ Абай, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды – 11,8% деңгейінде.



























