«Ай сайын төлеп жатқан МӘМС жарнасы қайда кетеді? Неге ол жеке шотта жиналып, қажет кезде өзімізгежұмсалмайды? Емханалардың қызметі қашанжақсарады?». Әлеуметтік желіде де, емхана кезегіндетұрғандар арасында да жиі қойылатын сұрақ. Азаматтардың сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекалуы, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты, ал жүйедегіашықтықты қамтамасыз ету қордың басты міндеті. Сондықтан қоғам тарапынан қойылған негізгі сауалдарғанақты деректер мен фактілерге сүйене отырып жауапіздеп көрдік.
Жеке шот неге тиімсіз?
Көптеген қазақстандықтар сақтандыруды жеке банк депозиті ретінде көреді: «ақша саламын, демек, соған сайемделуім керек». Жұмыс істейтін азамат үшін жылынаорташа 276,8 мың теңге, ал өзін-өзі төлеушілер тарапынаншамамен 51 мың теңге жарна түседі. Ал шынайымедицинадағы баға бұл цифрлардан әлдеқайда жоғары. Мысалы босану 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін болса, ишемиялық және геморрагиялық инсультқа өткен жылыМӘМС қорынан 28,9 млрд теңгеден астам қаржыжұмсалған. Дің жасушаларын транспланттауға 2025 жылы124 пациентті емдеуге 810,6 млн теңге бөлінсе, 743,3 млн теңгені МӘМС қаражаты көтерген.
МӘМС жүйесіне жинақталған қаражатынтымақтастық принципіне негізделген. Яғни «денісау адам ауырған адамға, жұмыс істейтін азаматәлеуметтік әлсіз топқа көмектеседі». Жиналғанқаражат есебінен халықтың қалтасына слмақ салатынқымбат бағалы операциялар (кардиохирургия, нейрохирургия, онкология, трансплантология) азаматтарға тегін жасалады. Қор қаражаты есебіненжоғары технологиялық зертханалық зерттеулер мен реабилитациялық көмектің көлемі де еселеп артқан.
Бір сөзбен айтқанда, егер қолданыстағы МӘМС жүйесінжеке жинақтаушы жүйеге аустыратын болсақ, кенеттенауыр дертке шалдыққан адамның жинаған ақшасы емніңалғашқы күні-ақ таусылар еді. Оның үстіне, сырқаттаныпқалған азамат жұмыс істеуге жарамай, табысынан да айырылады.
Ынтымақтастық жүйенің мәні жарна арқылы ем-домғақажет шығынды көтеру. Бүгін сіз ауырмай, біреудің өмірінсақтап қалуға септігіңізді тигізсеңіз, ертең сізге қауіптөнгенде қорда жинақталып жатқан ақша сіздің еміңізгебағытталады.
Сақтандыру бар, бірақ кезек ұзақ: Халық неге ренжулі?
Қор өкілдері жүйенің логикасын дұрыс түсіндіргенімен, халықтың жеке шотты талап етуінің артында тереңірекжатқан екі басты мәселе бар. Бірншісі, сапа мен қолжетімділік. Жарнаны ай сайын үзбей төлеп отырғаназаматтар тар профильді мамандарға жазылу үшінапталап, тіпті айлап кезек күтуге мәжбүр. Салдарынан, жүйеде «сақтандырылған» мәртебең болса да, өзқалтаңнан ақша шығарып, жекеменшік клиникаларғабаруға мәжбүрсің. Балтыры сыздап, басы ауырған адамқос төлем жасағандай күй кешеді. Екіншісі. Тіркелген, бірақ шын мәнінде көрсетілмеген қызметтер. Жүйедегіашықтықтың жоқтығы сенімсіздікті арттыратын бастыфактор. Қағаз жүзінде миллиондаған теңге емгежұмсалып жатқаны айтылғанымен, халық өз есебіненқандай қызмет сұранысқа ие болғанын нақты көреалмайды. Бірақ ашықтықты қамтамасыз ету үшін басқажүйеге көшудің қажеті жоқ.
Халық пен қор арасындағы бұл алшақтықты жою үшінбилік «халықтық бақылау» тетігін іске қосуды жоспарлапотыр. Енді eGov Mobile және Бірыңғай жеке кабинет арқылы әрбір азамат өзіне көрсетілген медициналыққызметтердің тарихын көре алады, емдеу фактісін растапнемесе «өтірік» көрсетілген қызметтер болса, дабыл қағаалады, көрсетілген медициналық қызметтің сапасына бағаберіп, шағым түсіре алады.
Ақша бәрібір де ортақ сақтандыру пулында қалады, бірақоның қайда және қалай жұмсалып жатқаны ашық болады.
Qalqan деген не және ол бізді неден қорғайды?
МӘМС жүйесін жетілдіру – үздіксіз процесс. Және оғандепозит немесе банк шоты ретінде қарамаған жөн. «Сақтықта қорлық жоқ» дейді. Оны қымбат ота немесеұзақ емдеу қажет болғанда қалтаңызды қорғайтынұжымдық қаржылық қауіпсіздік жастығы деп қарастырғандұрыс.
Жыл басында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыденсаулық сақтауды қаржыландыру тәсілдерін жүйелітүрде трансформациялайтын – «МӘМС 2.0» жаңа моделініске қосты. Оның негізгі міндеті МӘМС қаражатыныңжұмсалуын бақылауды күшейту, қаржы айналымыныңашықтығын арттыру және бақылаудың превентивтімоделіне, яғни қаржылық проблемаларды ерте анықтаумен олардың алдын алуға бағытталған басқару тәсілінекөшу. Трансформацияның негізгі цифрлық құралдарыныңбірі –бірыңғай Qalqan порталы.
Бұл жүйе қаражаттың әрбір теңгесін нақты уақытрежимінде қадағалауға және орындалған қызметтердіавтоматты түрде тексеруге мүмкіндік береді. Соныңарқасында жекеменшік клиникалар тарапынан негізсізақша алу немесе орындалмаған қызметтерді жазып қоюсияқты заңбұзушылықтар дер кезінде бұғатталады. Qalqan адам факторын азайтып, қаржыны толық ашықететін басты құрал.
Алдағы уақытта пациенттің өзі медициналық көмектіңнақты көрсетілгенін растай алады. Дегенмен пациенттіңрастауы медициналық қызметке ақы төлеуге негіз бола алмайды. Медициналық көмекті смартфондақосымшаларды пайдаланбайтын балалар, егде жастағыадамдар, ауыр халдегі пациенттер де алады. Сондықтанпациент берген кері байланыс автоматтандырылғантексерулермен, медициналық құжаттамамен жәнесараптамалық мониторингпен қатар жалпы бақылаужүйесінің бір элементі ретінде қарастырылады.
Жаңа модельдің негізінде медициналық көмектіқаржыландыруды толық әрі үздіксіз қадағалау қағидатыжатыр. Яғни төлемге ұсынылған әрбір медициналыққызмет нақты пациентпен, оған көрсетілген медициналықкөмекті алу фактісімен, медициналық ұйымның қажеттіресурстарымен, оны растайтын құжаттармен жәнеқаржылық мәліметтермен өзара байланыста болуы тиіс.
Материал bairak.kz ақпараттық порталынан алдынды

























