Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда жаңа халықаралық әуе рейстерін ашуды тапсырды.
Биыл «Қызылжар — Мойынты» және «Дарбаза — Мақтаарал» теміржол желілері салынады. Сондай-ақ «Алтынкөл — Жетіген» және «Жезқазған-Сексеуіл» учаскелері жаңғыртылады. Қазақстан үшін әуе қатынасын дамытудың ерекше маңызы бар. Жаңа халықаралық рейстерді іске қосу қажет. Бұл тек экономика ғана емес, сондай-ақ азаматтар бүкіл әлем бойынша жүріп-тұру еркіндігін пайдаланатын біздің мемлекетіміздің ашық қоғам ретіндегі мәртебесімен байланысты мәселе, — деді Президент.
Мемлекет басшысы Қазақстан аумағы арқылы оннан астам халықаралық маршруттар өтіп жатқанын оң үрдіс деп бағалайтынын айтады.
Оны барлық жағынан ынталандыру қажет. Дәл қазір Қазақстан өзін халықаралық транзиттік-көлік торабы ретінде көрсетуі тиіс, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


























