«AMANAT» партиясының бастамасымен Абай облысы, Семей қаласында «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық акция тұрақты түрде жалғасын табуда. Бұл жолғы тазалық жұмыстары Бейбітшілік аралында өтті.
Акцияға барлығы 60 адам қатысты. Олардың қатарында 30 - «AMANAT» партиясының мүшесі, 8 - мәслихат депутаты және 20 - белсенді болды. Іс-шара барысында Бейбітшілік аралынан 2 тоннаға жуық қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды.
Абай облыстық мәслихатының депутаты Саят Танатаров акцияға қатысушыларға алғыс білдіріп, өз сөзінде:
«Бүгін өткен “Таза бейсенбі” акциясы әр тұрғынның жауапкершілігі мен бірлігін көрсетті. Партия мүшелері мен депутаттардың белсенді қатысуы – іс-шараның табысты өтуінің кепілі болды. Олар өз үлестерін қосып қана қоймай, жастарды және барлық қала тұрғындарын табиғатты қорғауға шақырды. Мұндай бірлескен күш туған жеріміздің таза әрі көркем болашағын қалыптастыруға жол ашады», – деді.
Жалпы, жыл басынан бері Семей қаласында 60-тан астам тазалық шарасы өткізіліп, 84,2 тонна қар шығарылды. Акцияларға 4300-ге жуық тұрғын қатысып, 198 арнайы техника жұмылдырылды.
Сонымен қатар, партияның жастар және әйелдер қанаты қайырымдылық бағытта жұмыс жүргізіп, жалғызбасты қариялардың аулаларын тазалауға қолдау көрсетті. «Ардагерлерді ардақтайық!» және «Вандализмге жол жоқ!» жобалары аясында да бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жалпы, «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, өңірде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тазалықты сақтауға бағытталады.



























