Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) шекарасы арқылы өткізу міндетті кедендік әкімшілендіруді талап етеді.
Бұл туралы Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Семей-КРО" кедендік ресімдеу орталығының басшысы Мұхамеджан Абразаков айтты.
МКД өкілінің айтуынша, кеден органдарының басым міндеті-тауарларды шекара арқылы жылдам және кедергісіз өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Қазақстанда 2018 жылдан бастап "АСТАНА-1" электрондық кедендік декларациялау жүйесі жұмыс істейді, бұл процесті едәуір жеңілдетті. Декларацияны электрондық түрде елдің кез келген нүктесінен, тәуліктің кез келген уақытында өз бетінше де, кеден өкілдері арқылы да беруге болады.
Кедендік бақылау "жасыл", "сары" және "қызыл" дәліздердің халықаралық тәжірибесіне негізделген тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) пайдалана отырып іріктеп жүзеге асырылады. "Жасыл" дәліз физикалық бақылаусыз тауарларды автоматты түрде шығаруды білдіреді, бұл тіркеу уақытын азайтады. "Сары" дәліз 4 сағатқа дейін созылатын құжаттық бақылауды қамтиды. "Қызыл" дәліз кедендік тексеруді қарастырады.
Мұхамеджан Абразақов 2025 жылдың 10 айында "Семей КРО" кеден бекетінің статистикасын ұсынды: тауарларға арналған 6091 декларацияның (ТТ) 78,5% – ы (4785) "жасыл" дәліз бойынша, 20,1% – ы (1229) "сары" бойынша, 1% - ы (56) "қызыл"бойынша шығарылды.
Бақылауды Мемлекеттік кірістер комитетінің бас диспетчерлік басқармасы, аумақтық департаменттер мен кеден бекеттерін қоса алғанда, жұмыс істеген тәуекел бейіндеріне байланысты кеден органдарының әртүрлі бөлімшелері жүзеге асыра алады. Ақпараттық жүйе бақылаудың көлемі мен дәрежесін автоматты түрде анықтайды, бұл экспорттық-импорттық операциялардың уақытын қысқартады.
ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті тұрақты негізде әкімшілендіруді жақсартуға және Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге ерекше назар аударады. 2026 жылы қазақстандық IT-компаниялар әзірлеген және басқа мемлекеттік органдармен интеграцияланған "Кеден" жаңа ақпараттық жүйесін толық пайдалануға беру жоспарлануда.
Кедендік әкімшілендіру декларацияларды беруді ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдармен ақпарат алмасуды, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың сұрауларына жауаптарды қамтиды. Мұхамеджан Абразаков уәкілетті және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының ресми сайттарында электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы белгіленген мерзімде сұрақтар қойып, жауаптар алуға болатындығын атап өтті.



























