Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты.
Оның айтуынша, Bilim, Назарбаев Зияткерлік мектептері сынды жетекші білім ошақтарында сабақ уақытында ұялы телефонды қолдануға тыйым салынған.
Мен мұны дұрыс деп санаймын. Оқу процесі – бұл оқу процесі. Оқушы мектепке келгенде телефонын қалдырып, сабақтан соң ала алады немесе кнопкалы телефонды қолдануға болады. Сол себепті ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салу функциясын әр мектеп деңгейінен министрлікке беру ұсынысы бар. Сол кезде бұл шешімді орталықтандырып қабылдауға болады, - деді депутат палатаның жалпы отырысынан кейін.
Асхат Аймағамбетов мұндай шектеу енгізуге ата-аналарға және өзге де факторларға байланысты мектеп басшыларының барлығы бірдей батылы бармайтынын айтады.
Фото ЖИ Recraft



























