Қазақстанда қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін тануға мүмкіндік бермейтіндей дәрежеде бетін жабатын киім киюге шектеу енгізілді.

 Алайда бұл талап медициналық көрсетілімдерге, ауа райы жағдайларына, қызметтік міндеттерді орындауға, азаматтық қорғау шараларына, сондай-ақ спорттық және мәдени іс-шараларға қолданылмайды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, өзгерістің мақсаты — қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және азаматтарды сәйкестендіру мүмкіндігін арттыру. Заң дәстүрлі діни киімдерге қатысты емес және ар-ождан мен діни сенім бостандығын шектемейді. 

Аталған талап “Құқық бұзушылық профилактикасы туралы” заңның 75-бабының 3-тармағында көзделген. Полиция тұрғындарды заң талаптарын сақтауға шақырады.

Полиция бетті тұмшалауға қатысты талаптарды сақтауға шақырады, — деп хабарлайды polisia.kz.