2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді. Осыған байланысты бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарына қызметке кіруге үміткерлерге арналған тестілеу сұрақтары өзектендірілді.
Тест сұрақтары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жаңартылды. Тестілеу мазмұнынан күші жойылған нормативтік құқықтық актілерге негізделген сұрақтар алынып тасталып, олардың орнына жаңа Конституция мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның нормаларын қамтитын сұрақтар енгізілді.
Енгізілген өзгерістер кандидаттардың білімін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес объективті бағалауға және қызметтік міндеттерін тиімді орындауға қажетті білімі бар білікті мамандарды іріктеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кандидаттарға жаңартылған заңнаманы алдын ала зерделеп, тестілеуге енгізілген өзгерістерді ескере отырып дайындалу ұсынылады.
Қосымша ақпаратты 8 (7222) 35-41-72 немесе 8 (7222) 35-41-62 телефондары арқылы алуға болады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті
Фото ЖИ Gemini



























