Мектепте берілетін негізгі білімді елемеуге болмайды. Бұл туралы белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов айтты.
Оның сөзінше, оқушылар математика, физика және химия сияқты пәндерді жақсы меңгеруі керек. Себебі мектепте қажетті білімді алмаған адамға болашақта үлкен жетістікке жету қиын. Жанықұлов жастарға білімге мектеп кезінен мән беруге кеңес берді.
Оның айтуынша, Қазақстанға мақсаты бар, ой-өрісі кең жастар қажет. Мұндай ұрпақты тәрбиелеуде мұғалімдердің рөлі маңызды. Ұстаздар баланың болашағына негіз қалайды. Сондықтан жастардың білімі мен жетістігі мектептен басталады.
Жанықұлов елдің келешегін алға бастайтын ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздардың еңбегі ерекше екенін айтты.
Фото ЖИ Gemini























