Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастарға арналған креативті алаңдар ұйымдастыру» жобасы аясында өткен бұл өнер додасына Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының колледждері мен жоғары оқу орындары қатысып, өз шығармашылық мүмкіндіктерін паш етті.

Театрлық қойылымдар барысында қоғам мен жастар арасында өзекті мәселелер, тұрмыстық құқықбұзушылықтар, олардың себептері мен салдары көркем сахналық тілмен жеткізілді. Шараның ашылуында сөз сөйлеген Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Олжас Түсіпбекұлы Бейсенбаев Сәкен Сейфуллиннің «Театр – соқыр адам есту арқылы, құлағы естімейтін адам көзбен көру арқылы жүректен ұғынатын дүние болу керек» деген сөзін мысалға келтіре отырып, театрдың тәрбиелік маңызын атап өтті және жастардың шығармашылық бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Фестиваль нәтижесінде:

  1. Бас жүлде – М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Ес Аймақ» студенттік театры (200 000 тг).
  2. II орын – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Шабыт» жастар театры (150 000 тг).
  3. III орын – Әлихан Бөкейхан университетінің «Үркер» өнер орталығы (100 000 тг).

Арнайы номинациялар:

  • Үздік режиссура – Азизов Ислам Фарухұлы, М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Ес Аймақ» студенттік театрының режиссері, «Жәмилә» қойылымы. (30 000 Т)
  • Үздік ер адам бейнесі –  Ғизат Темірлан, Бизнес және сервис жоғары колледжінің студенті.(30 000 Т)
  • Үздік әйел адам бейнесі – Ақтаева Анель, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенті.(30 000 Т)

Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!