Абай облысында 2026 жылдың 1-тоқсанында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға және заңнама талаптарын түсіндіруге бағытталған 66 іс-шара өткізілді, олармен 2408 адам қамтылды.
Жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде мемлекеттік қызметшілерге қойылған шектеулерді сақтау, «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша 43 ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ірі сауда үйлерінде екі рет өткен «Құқықтық дәріхана» республикалық акциясында жеке мәселелерімен жүгінген тұрғындарға қолданыстағы заңнама аясында түсініктеме берілді.
Білім беру ұйымдарындағы (мектеп, колледж, ЖОО) «Адал Ұрпақ» және «Саналы Ұрпақ» еріктілер клубтарының қатысушыларымен 12 кездесу өткізілді.
Бүгінде Абай облысындағы 286 мектепте 7300-ден астам оқушыны қамтитын «Адал Ұрпақ» және 600-ден астам студенттен тұратын 33 «Саналы Ұрпақ» студенттік клубынтары жұмыс жасауда.
2026 жылдың 18 ақпанынан бастап «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалы Абай облысы бойынша Сот сараптамалары институтында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу жұмыстары басталды.
Сыртқы талдау жұмыстары а.ж. сәуір айының соңына дейін жүргізіліп, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты оларды жою туралы ұсынымдар енгізілетін болады.
Сонымен қатар, келесі кезекте жоспарға сәйкес Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілетін болады.
Әдеп жөніндегі кеңестің 3 отырысы өткізіліп, онда 13 сұрақ қаралды, оның ішінде 2 тәртіптік іс (15,4%), 11 профилактикалық мәселелер (84,6%). Қызметтік тәртіпті нығайту және бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 44 ұсыныс енгізілді (әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара әрекеттесу, қызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шараларды іске асыру және қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының профилактикасы бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар).
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті



























