Абай облысында 2026 жылдың І тоқсанында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылды.
Өңірде мемлекеттік қызметтер 21 орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, 11 облыстық басқарма, 2 қала мен 10 ауданның жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ өзге де ұйымдар арқылы көрсетіледі. Жалпы 373 мемлекеттік қызмет түрі ұсынылады, оның ішінде 197 – орталық мемлекеттік органдармен, 176 – жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі.
Есепті кезеңде барлығы 1 779 517 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 82%-ы жергілікті атқарушы органдарға, 18%-ы орталық мемлекеттік органдарға тиесілі. Қызметтердің басым бөлігі 95% электронды форматта ұсынылған, бұл цифрландыру деңгейінің жоғары екенін көрсетеді
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына Департаментпен 3 тексеру өткізілді. Нәтижесінде 13 226 заң бұзушылық анықталды. Қабылданған шаралардың арқасында 153 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, бақылау жұмыстары қорытындысы бойынша қызмет көрсетушілерге 10 ұсыныс енгізіліп, толық орындалды 2 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 1 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Есепті кезеңде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты 26 шағым келіп түсті. Оның ішінде 1 шағым негізді деп танылып, қызмет алушының құқықтары қорғалды, бірқатарына түсіндірме берілді, қалғандары қаралуда.
Әкімшілік тәжірибе аясында рұқсат беру құжаттарын беруден негізсіз бас тартқаны үшін 1 лауазымды тұлғаға айыппұл салынып, 64 875 теңге бюджетке өндірілді.
Халықты ақпараттандыру мақсатында 82 іс-шара ұйымдастырылды. Олардың қатарында телебағдарламалар, тікелей эфирлер, семинарлар, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері және қоғамдық кеңес отырыстары бар.
Ведомствоаралық жұмыс тобы мен қоғамдық кеңестер аясында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірленіп, толық орындалды.
Абай облысы бойынша Департамент алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, ашықтықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті



























