• 16 ноября, 2024

«Асыл Мұра» байқау-фестивалі: Қазақстандық қолөнер шеберлері бас қосты

Июн 16, 2024

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Құнанбай Өскенбайұлының  220 жылдығына арналған мереке аясында Абай ауданы Қарауыл ауылында «Асыл Мұра» республикалық халықтық сәндік-қолданбалы өнер байқау-фестивалін өткізді.

Дүбірлі додаға еліміздің 3 республикалық маңызы бар қаласынан, 9 облысынан қолөнершілер қатысты. Республикалық байқаудың іріктеу кезеңінн 56 қолөнер шеберлері өтінім берген болатын.
Қазылар алқасының шешімімен байқаудың негізгі кезеңіне  21 шебер қатысуға жолдама алды.

Байқау-фестивальдегі қазылар алқасының төрағасы дизайнерлер және суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлібай Берік Сәтінбекұлы.

Қазылар алқасының мүшелері:  

Естай Серікбайұлы Дәубаев — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Халықаралық «Тұран» сыйлығының лауреаты, К. Фаберже орденінің кавалері, ҚР Көркем Академиясының академигі, Ә. Қастеев атындағы Алтын белгі иегері, Т. Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер Академиясының профессоры;

Айман Ибраевна Боқпасарова — «Айша бибі»  мәдени орталығы  ҚБ төрағасы,                    республикалық, облыстық қолөнер шеберлері байқауларының жеңімпазы,«Бірлік» ҚХА алтын медалінің иегері;

Райса Черяздановна Мұхамеджанова — Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығының бөлім меңгерушісі, «ШҚО қолөнершілер ресурстық орталығы» ҚБ басшысы,«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері;

Наталия Петровна Жукова — керамика шебері, халықаралық байқаулардың жүлдегері.

«Асыл Мұра» республикалық халықтық сәндік-қолданбалы өнер байқау-фестивалінің жеңімпаздары:

  1. «Жоғары шеберлік» номинациясы — Карим Бектас (Ақмола облысы);
  2. «Жоғары сапа» номинациясы — Мусина Халифа (Атырау облысы);
  3. «Жаңашылдық» номинациясы — Назархан Советхан (Абай облысы);
  4. «Дарынды бастау» номинациясы — Ашимов Руслан (Ақмола облысы);
  5. «Төлтума» номинациясы — Анапияева Гүлнар (Қызылорда облысы);
  6. «Ұлттық мәдени бренд»  номинациясы Мукажанов Жаныбек (Алматы қаласы);
  7. «Қазақстандық ұлттық кәдесый»номинациясы — Өмірбаева Париза (Абай облысы)
    Барлық номинация иегерлері 300 000 теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.

ІІІ орын — Кеңшілік Бақыт (Шығыс Қазақстан облысы), жүлде қоры – 400 000 теңге ақшалай сыйақы;

ІІ орын — Мукажанов Аманкелді (Алматы қаласы), 600 000 теңге ақшалай сыйақы;

І орын — Әділбаев Мұратхан (Жетісу облысы), жүлде қоры- 800 000 теңге ақшалай сыйақы;

Бас жүлде иегері Анкауов Арлан (Қостанай облысы), жүлде қоры– 1 000 000 теңге.
Жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз!