Бүгін облыс әкімі Берік Уәли бастаған Абай облысының делегациясы Ресей Федерациясының Омбы облысына келді.

Делегация құрамында басқарма басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, білім және бизнес саласының өкілдері бар.

Аймақ басшысы Омбы қаласында өтіп жатқан «Ертіс: достық өзені – даму өзені» VII халықаралық туристік-көліктік форумына қатысып, сөз сөйледі. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – «Ресей – Қазақстан – Қытай» мультимодальды транзиттік дәлізін қалыптастыру мүмкіндіктерін талқылау және бұл бағытта Ертіс өзенін тиімді пайдалану.