Домбыра – халқымыздың рухани болмысы мен ұлттық өнерінің символына айналған қасиетті мұра. Қазақ төрінің төрінен орын алған қастерлі аспаптың сан алуан түрі бар. Соның бірі – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының үш ішекті домбырасы.
Ғасырдан астам тарихы бар бұл құнды жәдігер бүгінде Семей қаласындағы музей қорында сақтаулы. Зерттеушілердің айтуынша, тұмардай қастерленген домбыраны ақынның шәкірттері де пайдаланған.
Аталған бірегей мұраның тарихы мен ерекшелігі туралы ҚР Мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі әнші Қайрат Қабышев бейнематериалда кеңінен баяндайды.


























