«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Шәкәрім университетінің орман шаруашылығы мамандығының студенттері «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының кызметкерлерiмен кездесті.

Шара барысында мамандар студенттерге   орман шаруашылығы  саласында атқарылып жатқан жұмыстар, орманды қорғау және қалпына келтіру шаралары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ орман өрттерінің алдын алу, орман ресурстарын тиімді пайдалану және экологиялық тепе-теңдікті сақтау мәселелері талқыланды.

Бүгінгі лекцияда біз орман өрттерінің алдын алу және орманды күтіп-баптау жайындап айдалы ақпарат алдық. Адамзат өмірі орман мен табиғатқа тікелей тәуелді деп ойлаймын. Ауамыздың тазалығы мен өмір сапасы да орманға байланысты. Сондықтан біз, болашақ мамандар ретінде, орманды сақтау мен көбейтуге өзүлесімізді қосуымыз керек, – деді Шәкәрім университетінің екінші курс студенті Айдана Хизатоллаева.

Өз кезегінде студенттер экология саласында білім мен тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ сұрақ-жауап форматында өзойларымен бөлісіп, экологиялық мәселелер бойынша пікір алмасты.

Біз осындай кездесулер арқылы жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігін арттыруды көздейміз. Экологиялық мәдениеті жоғары ұрпақелдің болашағына қосылған үлес, – деп атап өтті «Семей орманы» туризм және рекреация бөлімінің басшысы Кәусар Рамазанов.