2026 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 58,5 трлн теңгені құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,5% болды.
Өнеркәсіп өндірісінің ең жоғары көлемі Атырау облысында тіркелді. Көрсеткіш 14,3 трлн теңгені құрады. Одан кейін Қарағанды облысы – 4,7 трлн теңге, Павлодар облысы – 3,7 трлн теңге, Астана қаласы – 3,4 трлн теңге және Маңғыстау облысы – 3,3 трлн теңге.
Өнеркәсіп өндірісінің ең жоғары өсу қарқыны Жетісу облысында (29,9%), Түркістан облысында (23,8%), Алматы қаласында (21,5%), Алматы облысында (19,4%) және Жамбыл облысында (17,8%) байқалды.


























