Шәкәрім университетінің «Саналы ұрпақ» студенттік клуб мүшелерімен «Integrity Talks: Академиялық адалдық және жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында TEDx форматындағы кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – университетте академиялық адалдық қағидаттарын нығайту, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық құндылықтарын дәріптеу.

Кездесудің спикерлері:

Сапарғалиев Қайрат Нұрғазыұлы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департамент басшысының орынбасары.

Бейсенбай Олжас Түсіпбекұлы – Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы.

Спикерлер жастармен ашық пікір алмасып, академиялық адалдықтың қоғам дамуындағы рөлі, жемқорлықтың алдын алу және жас буынның азаматтық жауапкершілігі жөнінде ой бөлісті.

Шара барысында қатысушылар спикерлердің өмірлік тәжірибесімен танысып, мемлекеттік қызмет, жастар саясаты, адалдық қағидаттары және азаматтық белсенділік тақырыптарында еркін пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Аталған кездесу Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 қаулысымен бекітілген әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары және 2026 жылғы 12 наурызда бекітілген Өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отыр.

TEDx форматындағы кездесуге «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері, университет студенттері мен оқытушылары қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті