Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі №84 шешіміне сәйкес, 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тасымалдарды навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалау тетігі енгізілгені туралы хабарлайды.

Аталған шара ЕАЭО-да тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы Келісім аясында жүзеге асырылады және транзиттік ағындардың ашықтығын арттыруға, тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жүк тасымалдау кезінде бақылауды күшейтуге бағытталған.

Қадағалау жүйесі кезең-кезеңімен мынадай бағыттар бойынша енгізіледі:

  • кедендік транзит және экспорт кедендік рәсімдері кезінде;
  • ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара саудасы шеңберінде;
  • автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі №731 қаулысына сәйкес, тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы болып «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС айқындалды.

Ұлттық оператор Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарымен, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті операторларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тасымалдаушылар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды енгізілетін талаптарды назарға алуға және өз қызметінде ескеруге шақырады.

Фото ЖИ Recraft