Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ұйымдастыруымен «Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне» орай мүгедектігі бар адамдар мен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызмет алушылары арасында байқау өткізу жоспарлануда.

Байқау онлайн және офлайн форматтарда төмендегі бағыттар бойынша өткізіледі.

Онлайн формат: «Вокалдық орындаушылық (ән айту)», «Хореографиялық өнер (би)», «Шығармашылық жұмыстар мен сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі».

Офлайн формат: «Қол күресі (армрестлинг)», «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны, «Дойбы ойыны», «Бочча спорттық ойыны».

Байқауға қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 25 қазан мен 15 қараша аралығында төмендегі сілтеме бойынша қабылданады: https://forms.gle/vyPaNdwerUGZKYaq7 .

2026 жылғы 16–24 қараша аралығында қатысушылар дайындалған байқау материалдарын ұйымдастырушылар белгілеген https://forms.gle/vyPaNdwerUGZKYaq7 Google форма нысанына жүктеуі немесе ukzsp.kantselyariya@akimatabai.gov.kz  электрондық пошта мекенжайына жіберуі қажет.

Офлайн форматтағы жарыстар 2026 жылғы 5 желтоқсанда Семей қаласы, Қарағайлы көшесі, 109 мекенжайында орналасқан Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығының ғимаратында өткізіледі.

Байқаудың қорытындысын салтанатты түрде шығару, нәтижелерін жариялау, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 2026 жылғы 5 желтоқсанда Семей қаласында өтеді.