2026 жылдың сегіз айында Аягөз ауданында экономиканың негізгі салалары бойынша өсім байқалды. Сонымен қатар жол және инженерлік инфрақұрылым, қоғамдық көлік пен медициналық нысандар жаңартылуда.
Бұл туралы ӨКҚ-да өткен брифингте аудан әкімі Айбек Нұғымаров мәлімдеді. Аудан әкімінің айтуынша, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және сауда салаларында оң динамика сақталуда.
2026 жылғы қаңтар–тамыз айларында өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны 146,1%-ды құрады. Оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде – 149,4%, өңдеу өнеркәсібінде – 112,3%. Ауыл шаруашылығында бұл көрсеткіш 133,4%, құрылыста – 127,8%, бөлшек саудада – 119,7%, көтерме саудада – 125,7% болды, – деді Айбек Нұғымаров.
Сегіз айда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 26,7 млрд теңгеге жетті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 36,7 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.
Биыл 26 шаруа қожалығы 588,4 млн теңгеге 39 бірлік техника сатып алды. Жыл соңына дейін тағы 70 бірлік техника алу

























