3 қыркүйекте Қазақстанда Қазақ тазысы күніалғаш рет аталып өтедіБұл дата 2024 жылы қазақ тазысының Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) тарапынан алдын ала танылған күніне орай белгіленді
2024 жылғы 3 қыркүйекте Амстердамда FCI қазақ тазысын алдын ала тану туралы шешім қабылдадыТұқымға №372 халықаралық стандарт бекітіліпҚазақстан оның шыққан елі ретінде танылды
Қазақ тазысы ғасырлар бойы халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен бірге жасасыпдәстүрлі аңшылықта пайдаланылғанҰлттық тұқымды сақтау және оны халықаралық деңгейде таныту жұмыстары соңғы жылдары мемлекеттік деңгейде қолға алынды
2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық тұқымды сақтау және оны халықаралық деңгейде таныту жөнінде міндет қойды. 2023 жылы осы бағыттағы заңнамалық негіз қалыптастырылды
Тазыны бүгінгі күнге жеткізген – оны ұрпақтан ұрпаққа сақтап келген аңшылардыңселекционерлердіңкинологтардыңит иелері мен жанашыр азаматтардың еңбегіХалықаралық деңгейде танылуүлкен нәтижеБірақ біздің жұмысымыз мұнымен аяқталмайдыЕң бастысытазының тұқымдық ерекшеліктерінгенетикалық қорынтабиғи және жұмыс қасиеттерін сақтапкелесі ұрпаққа жеткізу деді Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев
Бүгінде Қазақстан кинологтар одағының Бірыңғай асыл тұқымдық кітабында төрт мыңға жуық тазы тіркелгенӨңірлерде иттердің шығу тегі туралы мәліметтерді жинауасыл тұқымдық есеп жүргізу және тұқымдық қасиеттерін сақтау жұмыстары жалғасуда
Қазақ тазысын халықаралық деңгейде таныту жұмыстары да жалғасып келеді. 2025 жылы Хельсинкиде өткен Дүниежүзілік иттер көрмесінде тұқымның ресми таныстырылымы өтті. 2026 жылғы маусымда Болоньядағы World Dog Show көрмесіне Қазақстаннан 12 тазы қатысты
Сонымен қатар Жетісу облысында Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығының ғимараты салынып жатырҚұрылыс демеушілердің қолдауыменоблыс әкімдігінің ұйымдастыруымен жүргізілуде
Орталықта таза тұқымды иттерді ұстау және өсіруолардың шығу тегін тіркеуБірыңғай тұқым-тегі кітабын жүргізусондай-ақ кинология саласындағы мамандарды даярлау көзделгенМұнда сынақтаркөрмелербайқаулар мен жарыстар да ұйымдастырылады
Биыл 20 ақпанда Үкімет қаулысымен Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі 2026–2036 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілдіҚұжат алдағы он жылда осы бағыттағы жұмыстарды мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен жалғастыруды көздейді
Қазақ тазысының FCI тарапынан алдын ала танылуыжұмыстың соңғы кезеңі емесАлда тұқымның тұрақтылығын бірнеше буын бойы бақылаугенетикалық алуандығынденсаулығын және өзіне тән табиғи қасиеттерін сақтау міндетітұр
3 қыркүйекқазақ тазысының халықаралық деңгейде танылғанын айғақтайтын ғана емесұлттық тұқымды сақтапкелесі ұрпаққа жеткізудің маңызын еске салатын күн



























