2026 Конституциялық реформа
Күн бойынша сүзгі
Тек таңдалған күнде жарияланған материалдарды көрсетеді.
Мемлекеттік қызметке түсуге арналған тестілеу жаңа талаптарға сәйкестендірілді
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді. Осыған байланысты бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарына қызметке кіруге үміткерлерге арналған тестілеу сұрақтары өзектендірілді. Тест сұрақтары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жаңартылды. Тестілеу мазмұнынан күші жойылған нормативтік құқықтық актілерге негізделген сұрақтар алынып тасталып, олардың орнына жаңа Конституция мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның нормаларын қамтитын сұрақтар енгізілді. Енгізілген өзгерістер кандидаттардың білімін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес объективті бағалауға және қызметтік міндеттерін тиімді орындауға қажетті білімі бар білікті мамандарды іріктеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кандидаттарға жаңартылған заңнаманы алдын ала зерделеп, тестілеуге енгізілген өзгерістерді ескере отырып дайындалу ұсынылады. Қосымша ақпаратты 8 (7222) 35-41-72 немесе 8 (7222) 35-41-62 телефондары арқылы алуға болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті Фото ЖИ Gemini
Динмухамед Бейсембаев
27.07.2026
Кандидатов на госслужбу будут тестировать по новым вопросам
С 1 июля 2026 года в Республике Казахстан вступили в силу новая Конституция Республики Казахстан и Закон Республики Казахстан «О государственной службе Республики Казахстан». В связи с изменением законодательства актуализированы вопросы тестирования для кандидатов, претендующих на занятие вакантной административной государственной должности, а также на поступление на службу в правоохранительные органы и органы гражданской защиты. Обновление тестовых вопросов направлено на приведение содержания тестирования в соответствие с действующим законодательством. Из перечня исключены вопросы, основанные на утративших силу нормативных правовых актах и включены вопросы, отражающие положения новой Конституции, и Закона «О государственной службе Республики Казахстан». Изменения позволят обеспечить объективную оценку знаний кандидатов в соответствии с актуальными требованиями законодательства и способствовать отбору квалифицированных специалистов, обладающих необходимыми знаниями для эффективного исполнения служебных обязанностей. Кандидатам рекомендуется заблаговременно изучить обновленное законодательство и подготовиться к тестированию с учетом внесенных изменений. Дополнительную информацию можно получить по телефонам: 8 (7222) 35-41-72 или 8 (7222) 35-41-62. Департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по области Абай Фото ИИ Gemini
Динмухамед Бейсембаев
27.07.2026
23 шілдеден бастап сайлауалды үгітке ресми түрде рұқсат етіледі
Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026 жылғы 22 тамыз 00 сағат 00 минутқа дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады. Сайлау алдындағы үгіт жүргізудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27 және 28-баптарымен реттелген. Мемлекет азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге белгілі бір кандидатты, саяси партияны қолдап немесе оған қарсы кедергісіз сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығына кепілдік береді. Үгіт БАҚ және онлайн-платформалар арқылы, сайлауалдындағы жарияіс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын тарату жолымен жүзеге асырылады. Телерадио хабарларын тарату субъектілері жаңалықтар мен талдау бағдарламаларда үгіт материалдарын таратуға құқылы емес. Осы талапты бұзу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 112-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (айыппұл 50 АЕК). Кандидаттар не олардың сенiм бiлдiрген адамдары болып тiркелген журналистердiң, бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетуге қатысуына құқығы жоқ. Бұл Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 122-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (айыппұл 20 АЕК). БАҚ кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын, олардың сайлау алдындағы іс-шараларының мақсаттарын, міндеттері мен нәтижелерін, сондай-ақ олармен байланысты оқиғалар мен фактілерді бұрмаламай, объективті түрде жариялауға міндетті. Сонымен қатар, БАҚ және онлайн-платформаларды пайдаланушылар кандидаттың немесе саяси партияның абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрнеу нұқсан келтіретіні анық үгіт материалдарын және өзге де ақпаратты жариялаудан тартынуға міндетті. Осы талаптар сақталмаған жағдайда, сондай-ақ көрсетілген адамдарға ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау мақсатында теріске шығаруды тегін жариялау мүмкіндігін беруден бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 112-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген (айыппұл 20-дан 50 АЕК-ке дейін). Партиялық тізімдерді ұсынған кандидаттар мен саяси партияларға сайлау алдындағы үгiт жүргізу үшін БАҚ тең қол жеткізу жағдайлары қамтамасыз етіледі. БАҚ бір саяси партияның үгіт материалдарын шарттық негізде орналастыруына келісім беруі партиялық тізімдерді ұсынған басқа саяси партиялардың да үгіт материалдарын орналастыруына келісім берген болып есептеледі. Егер БАҚ осы талапты бұзса, онда бұл Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 112-бабының 4 және 6-бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (айыппұл 20-дан 50 АЕК-ке дейін). Шарттық негізде үгіт материалдарын орналастыру жөніндегі қызметтерді көрсететін БАҚ және онлайн-платформаларды пайдаланушылардың назарына аударамыз, олар үгіт басталғанға дейін кемінде 5 күн бұрын Орталық сайлау комиссиясына орналастыру құны мен шарттары туралы мәліметтерді ұсынуы қажет. Үгіт материалдарын Орталық сайлау комиссиясы көрсетілген мәліметтерді жариялағаннан кейін ғана орналастыруға болады. Көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген (айыппұл 30-дан 50 АЕК-ке дейін). Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін шарттық негізде үй-жайлар береді. Олар бірыңғай және тең жағдайларда ұсынылуға тиіс. Осы талаптарды бұзу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 123-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (айыппұл 30 АЕК). Үгіт материалдарына қатысты олардың құрамында осы материалдарды шығарған ұйым туралы (баспа материалдары бойынша – басылған орны мен таралымы туралы), тапсырыс берген адамдар және қандай қаражат есебінен төленгені туралы мәліметтер болуы тиіс екенін ескеру қажет. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде үгіт материалдарын дайындауға, жасырын (анонимді) үгітматериалдарын таратуға, сондай-ақ ағымдағы сайлау науқаны үшін дайындалмаған үгіт материалдарын пайдалануға тыйым салынады. Онлайн-платформаларға қатысты бұл талаптар онлайн-платформаларды пайдаланушылар үгітматериалдарын шарттық негізде дайындаған жағдайда қолданылады. Осы талаптарды бұзу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 113-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (айыппұл 25 АЕК). Меншік иесінің немесе өзге де иеленушінің келісімімен ғимараттарда, құрылыстарда және өзге де объектілерде орналастырылған үгіт материалдарын қасақана жою немесе бүлдіру Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 114-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (айыппұл 15 АЕК). Баяндалғанды ескере отырып, Бас прокуратура заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында сайлау процесіне қатысушылардың барлығын сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезеңінде сайлау туралы заңнаманы қатаң сақтауға және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге тағы да шақырады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Е. Өтегенов
Динмухамед Бейсембаев
23.07.2026
Конституция – қағаздағы заң ғана емес, өмір сүру мәдениеті
Биыл Қазақстан жаңа Конституция жағдайында өмір сүріп жатқан мемлекет ретінде дамудың кезекті кезеңіне қадам басты. Конституция – бұл тек заңгерлерге арналған құқықтық құжат емес. Ол – әрбір азаматтың күнделікті өміріне әсер ететін негізгі құндылықтар жиынтығы. Отбасындағы сыйластықтан бастап, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына дейінгі барлық қатынастардың түп негізінде Конституция қағидаттары жатыр. Конституцияның 1-бабында еліміздің ең басты құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені айқын жазылған. Бұл қағида мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның өмірлік ұстанымына айналуы тиіс. Заңды құрметтеу, өз міндетін адал атқару, бір-біріне құрметпен қарау – Конституция талаптарының өмірдегі көрінісі. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Заң мен тәртіп» қағидаты мемлекеттік саясаттың басты бағыты ретінде айқындалды. Президент атап өткендей, «Заң мен тәртіп – құқықтық мемлекеттің берік негізі». Бұл қағидат еліміздің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі ретінде де бекітілді. Заң үстемдігі тек құқық қорғау органдарының жұмысы емес. Ол әр азаматтың күнделікті әрекетінен басталады. Жол қозғалысы ережесін сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп, салықты уақытында төлеу, табиғатты қорғау, өзгенің еңбегін құрметтеу – мұның бәрі құқықтық мәдениеттің көрсеткіші. Әсіресе мемлекеттік қызметшілер үшін Конституция талаптарын сақтау – кәсіби міндет қана емес, азаматтық жауапкершілік. Халық мемлекет туралы ең алдымен мемлекеттік қызметшінің іс-әрекетіне қарап пікір қалыптастырады. Сондықтан мемлекеттік қызметтің сапасы халықтың мемлекетке деген сенімімен тікелей байланысты. Президент ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасы да осы құндылықтарды толықтыра түседі. «Адал азамат» – заңды құрметтейтін, еліне жанашыр, еңбекқор, білімге ұмтылатын және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінетін тұлға. Мұндай азаматтар көбейген сайын қоғам да нығая түседі. Бүгінде бұл қағидаттарды жүзеге асыруда жастардың рөлі ерекше. Құқықтық сауаттылық мектептен, колледжден, жоғары оқу орындарынан басталады. Заңды білу ғана жеткіліксіз, оны құрметтеу мәдениетін қалыптастыру маңызды. Өйткені заңға құрмет – мемлекетке құрмет. Соңғы жылдары кеңінен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бастамасы да осы ортақ құндылықтарға негізделген. Бұл – тек сенбілік өткізу немесе ағаш отырғызу емес. Бұл – қоғамдық кеңістікті таза ұстау, туған жерге жанашырлық таныту, мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарау, вандализмге жол бермеу және ортақ жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру. Мемлекеттің ішкі саясатындағы негізгі қағидаттардың бірі ретінде «Таза Қазақстан» азаматтардың жауапкершілігін арттырып, қоғамда жаңа этиканы орнықтыруға бағытталған. Облысымызда да бұл бастамалар нақты істер арқылы көрініс табуда. Аула мен көшені таза ұстау, қоғамдық орындарды күтіп-баптау, табиғатты қорғау, жастардың экологиялық акцияларға қатысуы – мұның бәрі туған жерге деген жанашырлықтың белгісі. Осындай қарапайым істердің өзі қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін нығайтады. Конституция бізге құқықтармен бірге міндеттер де жүктейді. Конституцияның 34-бабына сәйкес әрбір азамат Конституция мен заңдарды сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Бұл талап қоғамдағы өзара сенім мен келісімнің басты кепілі болып табылады. Әділетті Қазақстанды заңдардың өзі емес, сол заңдарды құрметтейтін адамдар қалыптастырады. Сондықтан әрқайсымыз «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» қағидаттарын күнделікті өмір салтымызға айналдырсақ, Конституцияның құндылықтары шынайы өмірде жүзеге асады. Өйткені мықты мемлекет – ең алдымен заңға құрметпен қарайтын, адал еңбек ететін және туған жеріне жанашыр азаматтардан құралады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті
Динмухамед Бейсембаев
23.07.2026
Жаңа Конституция – жаңа мемлекеттік қызмет мәдениеті
Конституция – мемлекеттің құқықтық іргетасы ғана емес, қоғамның құндылықтық бағдары мен даму бағытын айқындайтын басты құжат. Ол мемлекеттік биліктің қызметін реттеп қана қоймай, азаматтар мен мемлекеттік аппараттың өзара жауапкершілігін белгілейді. Сондықтан Конституция қағидаттарын жүзеге асыру – ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне, адалдығына және халыққа қызмет ету мәдениетіне байланысты. Жаңартылған Конституцияда Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық әрі әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны, ал адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына екені нақты көрсетілген (1-бап). Бұл қағидат мемлекеттік басқарудың барлық жүйесіне ортақ негізгі бағдар болуы тиіс. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтің басты міндеті – заңды орындау ғана емес, Конституцияда бекітілген құндылықтарды күнделікті қызметте жүзеге асыру. Әрбір қабылданған шешім азаматтардың құқықтарын қорғауға, қоғамдық сенімді нығайтуға және әділетті қоғам қалыптастыруға қызмет етуі қажет. «Заң және тәртіп» – мемлекеттік қызметтің басты қағидаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Заң және тәртіп» идеологиясы қазіргі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының біріне айналды. Бұл ұғым тек құқық бұзушылықтың алдын алу немесе заң талаптарын сақтау ғана емес. Бұл – қоғамда құқықтық мәдениетті, әділдікті, жауапкершілікті және өзара құрметті қалыптастырудың тұтас жүйесі. Конституцияның 3-бабында мемлекеттің негізгі қызмет қағидаттарының бірі ретінде заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету белгіленген. Сонымен қатар ұлттық бірлікті нығайту, жауапты патриотизмді дамыту, еңбекқорлық пен білім құндылықтарын дәріптеу, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру да мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалған. Бұл қағидаттарды жүзеге асырудағы негізгі жауапкершілік мемлекеттік қызметшілерге жүктеледі. Өйткені азаматтардың мемлекетке деген сенімі күнделікті көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасы арқылы қалыптасады. Адалдық – кәсіби міндет қана емес, өмірлік ұстаным Қазіргі мемлекеттік қызметтің маңызды бағытының бірі – адалдық мәдениетін қалыптастыру. Адалдық – заң талаптарын сақтау ғана емес. Ол – ар-ожданға негізделген ішкі жауапкершілік, әділ шешім қабылдау, мемлекеттік ресурстарды ұқыпты пайдалану және қоғам мүддесін жеке мүддеден жоғары қою. Мемлекеттік қызметші өзінің әрбір әрекеті арқылы мемлекеттік аппараттың беделін қалыптастырады. Сондықтан кәсібилік пен құзыреттілік адалдықпен ұштасқанда ғана тиімді мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасады. Мемлекеттік қызмет туралы заң да мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын, заңдылықты сақтауды және азаматтардың құқықтарын құрметтеуді негізгі міндеттердің бірі ретінде белгілейді. «Таза Қазақстан» – тазалықтан басталатын жауапкершілік Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы экологиялық акция ғана емес. Бұл – қоғамның жаңа мәдениетін қалыптастыруға бағытталған идеологиялық бастама. Тазалық тек көшелердің немесе қоғамдық орындардың тазалығымен өлшенбейді. Ол басқару мәдениетіндегі тазалық, шешім қабылдаудағы ашықтық, қызмет көрсетудегі әділдік, мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарау және қоғамдық жауапкершілік арқылы көрінеді. Конституцияда жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру мемлекет қызметінің негізгі қағидаттарының бірі ретінде белгіленуі де кездейсоқ емес. Бұл әрбір азаматпен қатар мемлекеттік қызметшіге де үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан «Таза Қазақстан» қағидаттары мемлекеттік қызметте: ашықтық пен жариялылықты; мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалануды; еңбек тәртібін сақтауды; қоғамдық мүлікке жанашырлықпен қарауды; азаматтарға сапалы қызмет көрсетуді білдіреді. Конституциялық мәдениет – қоғамдық сенімнің негізі Конституцияның 34-бабына сәйкес әрбір азамат Конституция мен заңдарды сақтауға, басқа адамдардың құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Бұл талап мемлекеттік қызметшілер үшін екі есе маңызды, өйткені олар заңның орындалуын қамтамасыз ететін тұлғалар болып табылады. Конституциялық мәдениет құқықтық сауаттылықпен ғана шектелмейді. Ол мемлекеттік қызметшінің қызмет әдебі, кәсіби этикасы, азаматтармен қарым-қатынасы, шешім қабылдау сапасы және қоғам алдындағы жауапкершілігі арқылы көрініс табады. Мемлекеттік аппараттың тиімділігі қабылданған құжаттардың санымен емес, азаматтардың мемлекетке деген сенім деңгейімен өлшенеді. Конституциялық құндылықтар – болашақ Қазақстанның берік негізі Бүгінгі Қазақстан жаңа кезеңге қадам басты. Бұл кезеңде мемлекеттік басқарудың тиімділігі заң үстемдігімен, адалдық мәдениетімен, кәсібилікпен және азаматтарға қызмет ету қағидатымен айқындалады. Конституцияда бекітілген қағидаттар, «Заң және тәртіп» идеологиясы және «Таза Қазақстан» бастамасы өзара тығыз байланысты. Олардың барлығының түпкі мақсаты – құқықтық мемлекет құру, қоғамдық сенімді нығайту және жауапты азаматтық қоғам қалыптастыру. Әрбір мемлекеттік қызметші Конституцияның талаптарын күнделікті қызметінде басшылыққа алып, заңға адалдықты, әділдікті, ашықтықты және халыққа қалтқысыз қызмет етуді өзінің кәсіби ұстанымына айналдырғанда ғана Әділетті Қазақстанның берік іргетасы қаланады. Өйткені Конституция – жай ғана құқықтық құжат емес. Ол – мемлекет пен қоғамды біріктіретін құндылықтар жүйесі. Ал сол құндылықтарды өмірде жүзеге асыратын негізгі күш – кәсіби, адал және жауапты мемлекеттік қызмет. А.Сабалакова, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша филиалының директоры
Динмухамед Бейсембаев
23.07.2026
Жаңалықтар таспасы
Кто лучше знает Абая? В Семее провели необычную литературную викторину
Динмухамед Бейсембаев
10.08.2026
Казахстанцы оформили более 1,5 миллиона паспортов и удостоверений личности в ЦОНах по всей стране
Динмухамед Бейсембаев
10.08.2026
Знаковое открытие: площадь Государственных символов появилась в Семее
Динмухамед Бейсембаев
10.08.2026
Семейдегі Бейбітшілік аралында Рәміздер алаңы ашылды
Динмухамед Бейсембаев
10.08.2026
В День Абая штаб партии «Әділет» встретился с жителями области Абай
Динмухамед Бейсембаев
10.08.2026
Абай күнінде «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Семейге келді
Динмухамед Бейсембаев
10.08.2026
Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді
Динмухамед Бейсембаев
10.08.2026
Подавляющее большинство граждан доверяет Президенту К.Токаеву
Динмухамед Бейсембаев
10.08.2026
Казахстанцы смогут проверить избирательный участок через eGov Mobile
Динмухамед Бейсембаев
10.08.2026
eGov Mobile мен Gov.kz-те сайлау учаскесін тексеретін сервис қосылды
Динмухамед Бейсембаев
10.08.2026







