Әділетті қоғам ең алдымен адал еңбекті бағалаудан басталады. Өндірістің дамуы, жұмысшының мәртебесі және әр адамның еңбегіне лайықты жағдай жасау – экономикалық өсімнің ғана емес, қоғам тұрақтылығының да негізі. Осы бағыттарды талқылау мақсатында «Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері Семей қаласындағы «ЭЙКОС» ЖШС ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлерімен партияның сайлауалды бағдарламасындағы өндірісті дамыту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек адамының беделін арттыру, инвестиция тарту және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайту бағыттары талқыланды.
Құрылтай сайлауына кандидаттар Шалқар Байбеков пен Ирина Соловьева заң мен тәртіп қағидаттарын сақтау, еңбек адамының мәртебесін арттыру және өндірісті дамыту мәселелерінің маңызын атап өтті.
Заң мен тәртіп – жай ғана талап емес, әділеттіліктің кепілі. Әрбір азамат мемлекеттің қорғауын сезінуі керек, ал заң талаптары баршаға ортақ әрі міндетті болуы тиіс, – деп атап өтті Шалқар Байбеков.
Ал Ирина Соловьева еңбек адамының беделін көтеру, кәсіби мамандарды қолдау және өндіріс мәдениетін дамыту «Әділет» партиясы бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі екенін жеткізді.
«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі бөлімі


























