Абай облысында бюджет қаражатын тиімді игеру басты назарда

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында 2025 жылдың бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін бағалау қорытындылары, сауда орындарын жаңғырту бойынша жол картасының орындалуы және облыстағы жасанды интеллектіні дамыту мәселелері қаралды. Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережимде қосылды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қаржы басқармасының басшысы Гүлфайруз Серікболова, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Рахымбеков және цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы баяндады. Қаржы басқармасы басшысының мәліметінше, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау және инфрақұрылымды жаңғырту мақсатында былтыр облысқа 68,4 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұл қаражат 154 инфрақұрылымдық нысанның құрылысына, 101 жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге, сондай-ақ, бірқатар мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталды. 2025 жылы облыста 66 жоба пайдалануға беріліп, 44 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Сонымен қатар 5 мекеменің жарғылық капиталы ұлғайтылып, 39 техника және 7 жабдықпен қамтамасыз етілді. Былтыр арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен өңірде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 20 жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Семей қаласында 100 орындық психоневрологиялық, әлеуметтік орталық пен көпфункционалды Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Су құбыры желілерінің құрылысы бойынша 21 жоба аяқталды. Бұл нысандар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында облыстың 35 елді мекенінде 47 жоба жүзеге асырылып, 190 шақырымнан астам жол жөнделді. Аймақ басшысы жиында қала-аудан әкімдеріне жоспарланған жобалардың уақытында әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін кешіктірмей өткізу және бюджет қаражатын пайдалану кезінде қаржылық тәртіпті қатаң сақтауды тапсырды. Толық аяқталмаған жобалар бойынша туындаған мәселелерді талдап, олқылықты жою үшін жауапты тұлғалардың бақылауын күшейту қажеттігін айтты. 2026 жылы пайдалануға беру жоспарланған нысандардың құрылысы белгіленген мерзімде аяқталмаған жағдайда тиісті басшылардың жауапкершілігі қаралатынын да ескертті. Бюджет қаражатын тиімді пайдалану – әрбір деңгейдегі бірінші басшының басты міндеті. Күнделікті жұмыс барысында қаржы мәселесіне де көңіл бөлу қажеттігін ескертемін. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында бұл мәселеге ерекше тоқталды. Басқарма басшылары, аудан әкімдері, бөлінген қаражатты игеру үшін ғана емес, нақты нәтижеге қол жеткізуге жұмыс істеу керек. Ол үшін дұрыс жобалап, дұрыс жоспарлау керек. Жоспарлап алып, орындамау деген болмайды, – деді Берік Уәли.

Динмухамед Бейсембаев

16.03.2026

Изображение записи

Каждый тенге должен давать результат: в области Абай обсудили бюджетные проекты

На расширенном аппаратном совещании в области Абай обсудили, как в регионе расходуют бюджетные средства, какие объекты уже ввели в строй и где возникают задержки. Под председательством акима области Берика Уали прошло расширенное аппаратное совещание. Участники подвели итоги оценки эффективности использования бюджетных средств за 2025 год, обсудили модернизацию торговых объектов и развитие искусственного интеллекта в регионе. Руководители областных управлений и департаментов присутствовали в зале, акимы городов и районов подключились по видеосвязи. О состоянии бюджета доложила руководитель управления финансов Гульфайруз Серикболова. В 2025 году на социально-экономическое развитие региона и обновление инфраструктуры направили 68,4 млрд тенге. Средства пошли на строительство 154 объектов инфраструктуры, подготовку 101 проектно-сметной документации и укрепление материально-технической базы ряда учреждений. За год в области ввели в эксплуатацию 66 объектов. По 44 проектам подготовили проектно-сметную документацию и получили положительные заключения государственной экспертизы. Также увеличили уставный капитал пяти организаций, закупили 39 единиц техники и семь единиц оборудования. Дополнительное финансирование поступило из специального государственного фонда. На эти средства реализовали 20 проектов для развития социальной и инженерной инфраструктуры. В Семее открыли психоневрологический медико-социальный центр на 100 мест и многофункциональный Дворец школьников. В регионе завершили 21 проект по строительству сетей водоснабжения. В рамках программы «Ауыл – ел бесігі» в 35 населенных пунктах реализовали 47 проектов и привели в порядок более 190 километров дорог. Берик Уали поручил акимам городов и районов обеспечить своевременное и качественное выполнение запланированных проектов, не допускать задержек при проведении государственных закупок и строго соблюдать финансовую дисциплину. Глава региона потребовал подробно разобрать проблемы по незавершенным объектам и усилить контроль со стороны ответственных руководителей. Если строительство объектов, запланированных к вводу в 2026 году, затянется, вопрос ответственности соответствующих руководителей рассмотрят отдельно. Эффективное использование бюджетных средств – главная обязанность руководителя любого уровня. В повседневной работе необходимо уделять особое внимание финансовой дисциплине. Глава государства отдельно остановился на этом вопросе на расширенном заседании Правительства. Руководители управлений и акимы районов должны работать не просто на освоение выделенных средств, а на достижение конкретных результатов. Для этого необходимо грамотно планировать и правильно разрабатывать проекты. Нельзя допускать ситуации, когда планы составляются, но не выполняются, – подчеркнул Берик Уали.

Динмухамед Бейсембаев

16.03.2026

Изображение записи

Лента новостей

В Семее обновят крупнейшие рынки города

Динмухамед Бейсембаев

16.03.2026

Читать больше
LogoСкачивайте мобильное приложение