Тәуелсіздік – халқымыздың сан ғасырлық арманын жүзеге асырған, ел бірлігі мен болашағына берік негіз қалаған ұлы құндылық. Осы жылдар ішінде Қазақстан бейбітшілік пен келісімді ту еткен, экономикасы нығайған, халықаралық деңгейде беделі артқан мемлекетке айналды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Тәуелсіздік күнінің айрықша мән-мағынасы бар. Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз. Олардың отаншылдық қасиеті – бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге.

Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Оны табысты әрі бақуатты мемлекеттің тірегі саналатын қастерлі құндылық ретінде көздің қарашығындай сақтау – ата-бабаларымыздың және келер ұрпақтың алдындағы қасиетті борышымыз.

Өңіріміздің дамуына үлес қосып жүрген әрбір азаматтың еңбегі – ел ертеңінің кепілі. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында облысымыз әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсіп, тұрғындардың өмір сүру сапасы жақсарып келеді.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын!

Берік Уәли, Абай облысының әкімі