Қала прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде ағымдағы жылдың 6 айында Семей қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық және ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактілері бойынша 480-нен астам әкімшілік материал қаралғаны анықталды.

Әлеуметтік портретке сәйкес, аталған құқық бұзушылықтарды көбіне 22 мен 42 жас аралығындағы ер азаматтар жасайды.

Қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, ұсақ бұзақылық пен ортақ пайдаланылатын орындарды ластауға жол бермеуге, сондай-ақ айналасындағыларға құрметпен қарап, заң талаптарын сақтауға шақырамыз.

Фото ЖИ Gemini