Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, әрбір азаматтың сайлауға қатысу құқығы бар. Бұл құқық әскер қатарында жүрген сарбаздарға да тиесілі. Қала әкімін сайлау — жергілікті өзін-өзі басқарудың маңызды тетігі, және бұл процеске сарбаздардың қатысуы азаматтық қоғамның дамуына ықпал етеді.
Сарбаздар — ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін азаматтар. Олар әскери борышын өтеу барысында да еліміздің заңдарына бағына отырып, соның ішінде сайлауға қатыса алады. Бүгін 36803 әскери бөлімінде дауыс беру үшін №132 сайлау учаскесі ұйымдастырылды. Бұл учаскеде Абай гарнизонында қызметте жүрген сарбаздар өз таңдауын жасауға мүмкіндік алды.
Абай гарнизонының қолбасшылығы сайлау науқаны кезінде сарбаздарға барлық қажетті жағдайды жасап, олардың құқықтарының жүзеге асуына көмектесті. Бұл демократиялық қоғамның бір белгісі ретінде бағаланады.
Сарбаздардың қала әкімін сайлауға қатысуы — олардың елдің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді. Бұл — патриотизмнің бір көрінісі. Әрбір дауыс — өзгеріске қадам, әділетті қоғам мен ашық билік құру жолындағы маңызды үлес.