Қарабұлақ ауылында бүгінде 1569 тұрғын тұрады. Елді мекендегі 230 оқушы спортпен шұғылданады. Жаңа спорт модулінде ауыл жастарының дене шынықтырумен жүйелі айналысуына барлық жағдай жасалған. 

Ауылда 42 адам қазақ күресімен айналысады, бір жаттықтырушы жұмыс еңбек етеді. 26 адам аударыспақпен шұғылданады. Сонымен қатар шағын футбол алаңы, күрес мектебінің филиалы жұмыс істейді. Күрес мектебінде жаттығып жүрген балалардың нәтижелері жоғары. Дзюдодан аудандық және облыстық жарыстарда жеңімпаз атанған спортшылардың саны артып келеді. Ауылдың волейбол және футбол командалары аудан көлемінде жүлделі орындардан көрініп жүр. Ат спорты бойынша Қарабұлақ командасы аудан намысын абыроймен қорғап келеді. Ауыл спортшылары жеңіл атлетика, қол күрестіру және гір көтеру спорт түрлерінен де аудан чемпиондары атанған.

Облыс әкімі Берік Уәли Қарабұлақ ауылындағы спорт модулінің ашылу салтанатына қатысты. 

Бір қабатты ғимаратта көлемі 800 шаршы метрді құрайтын кең ойын залы орналасқан. Нысан бір мезгілде 120 адамды қабылдай алады. Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың екінші тоқсанында басталып, төртінші тоқсанында аяқталды.

Нысанның ашылуында сөз сөйлеген аймақ басшысы спорт ғимаратының ауыл тұрғындары үшін маңызы зор екенін атап өтті. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Халықтың саулығы – мемлекеттің басты байлығы. Спорт – ұлт денсаулығының негізі», – деп кәсіби спортқа жол ашып, ұлт саулығын жақсартуға септігін тигізетін бұқаралық спортты дамытудың маңызын ерекше атап өткен болатын. Қазіргі таңда Абай облысында тұрғындар игілігі үшін 610  спорт нысаны жұмыс істейді. Жыл сайын спортпен шұғылданатын азаматтардың саны артып келеді. Жеке инвестор есебінен оффтейк келісім негізінде салынған спорттық модуль ауыл балаларының спортпен айналысуына және бұқаралық спорттың дамуына оң ықпал етері сөзсіз. Бұл ауылға 9 айда екі рет келіп, халыққа қажетті екі нысанды ашып отырмыз. Мамыр айында осы ауылға медициналық нысанның ашылуына келгенде халық спорт нысанын салып беруді сұраған. Тұрғындардың өтінішін орындап, ғимаратты пайдалануға бердік. Қарабұлақ  ауылының тұрғындарын құттықтаймын, – деді облыс әкімі.

Ауыл тұрғындары жаңа ғимараттың ашылғанына ризашылықтарын жеткізді.

1994 жылдан бері Қарабұлақ ауылында бірде-бір жаңа ғимарат салынған жоқ. Биыл ауылымызда дәрігерлік амбулатория, көпбалалы 6 отбасына үйлер берілді. Сонымен бірге спорт модулі салынды. Бұл ауыл халқы үшін, жастар үшін үлкен демеу деп ойлаймын. Облыс әкіміне, осы ғимаратты салған Баркөл Рамбаевқа алғыс айтамыз. Қарабұлақ ауылынан Қазақстанға, әлемге танылатын чемпиондар шығады деп ойлаймын, - деді Қарабұлақ ауылының тұрғыны, спорт ардагері Айт Қорғанбаев.

Биыл «Мақаншы аудандық жасөспірімдер спорт мектебі» ашылып, спорттың тоғыз түрінен спорт секциялар жұмысын жүргізіп жатыр. Спорт мектебінде 6-17 жас аралығында 1196 спортшы шынығуда. Соңғы 3 жылда  облыста 11 жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Сондай-ақ, тағы 6 спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр.