Көкпекті ауданында Көкпекті ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Аубакиров Нурлан Кусманович спортшылардың қатысуымен Конституциялық реформаны талқылауға арналған кездесу өтті. Іс-шараға ауданның белсенді спортшылары қатысты.
Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, енгізіліп отырған өзгерістердің мазмұны мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, жастар саясаты мен спорт саласын дамытуға қатысты мемлекеттік қолдау шаралары да талқыланды.
Спортшылар өз пікірлерін білдіріп, ел болашағына қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.
Жиын соңында Конституциялық реформаның елдің тұрақты дамуына, әділетті қоғам қалыптастыруға және жастардың белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.



























