Қасым-Жомарт Тоқаев келер ұрпақ алдында елдің тарихи жауапкершілігін атап өтіп, Қазақстанды Әділетті әрі Қуатты мемлекетке айналдыру – бүгінгі буынның басты міндеті екенін айтты. Президенттің айтуынша, заң мен тәртіп үстемдік құрған, табиғатқа жанашыр, білім мен ғылымы дамыған қоғам қалыптастыру мүмкіндігін жіберіп алу – кешірілмейтін қателік.
Келер ұрпақ біздің кейбір кемшіліктерімізге көз жұма қарайтын шығар. Бірақ олар Қазақстанды Әділетті, Қуатты мемлекетке айналдыратын, заң мен тәртіп, тазалық, табиғатты аялау, білім және ғылым салтанат құратын мүмкіндікті мүлт жібергенімізді ешқашан кешірмейді. Қазақстан осындай ел болуы керек. Біздің түпкі мақсатымыз – осы, - деді Президент.



























