Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында аудандық мәслихат депутаты А. Бойковтың «Алекс» шаруа қожалығының ұжымымен Конституциялық реформаны талқылауға арналған кездесуі өтті.
Кездесу барысында депутат Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің негізгі бағыттарына тоқталып, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына ықпалы туралы кеңінен баяндады. Әсіресе өкілді органдардың рөлін күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
А. Бойков Конституциялық реформаның басты мақсаты – әділетті, ашық әрі халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру екенін атап өтті. Ол реформаларды талқылауда азаматтардың белсенділігі ел болашағы үшін маңызды екенін жеткізді.
Кездесу барысында «Алекс» ШҚ қызметкерлері ауыл шаруашылығын қолдау, ауылдық аумақтарды дамыту және әлеуметтік кепілдіктерге қатысты өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кездесу іскерлік және сындарлы жағдайда өтті.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар мұндай кездесулердің халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудағы маңызы зор екенін атап өтті.



























