Құтқарушы — кез келген сәтте көмекке келуге дайын, батылдық пен табандылықты, жоғары жауапкершілік пен кәсібилікті талап ететін мамандық иесі.
Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары күн сайын түрлі төтенше жағдайларда азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін сақтау үшін қызмет етеді. Олар судағы оқиғаларда, жол-көлік апаттарында және басқа да қауіпті жағдайларда жедел әрекет етіп, адам өмірін құтқаруға бар күшін салады.
Құтқарушы Ерболат Айтқазының айтуынша, бұл мамандық оның өмірге деген көзқарасын өзгертіп, қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауды үйреткен. Өйткені кейде уақытылы қабылданған шешім мен бір ғана қоңырау адам өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Құтқарушылар төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне дер кезінде хабарласудың маңыздылығын еске салады.
























