Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымдағы табысқа жетудің басты шарты ретінде адам капиталына басымдық берудің маңызын атап өтті. Президенттің айтуынша, әлеуметтік әділдік, жасампаз отаншылдық және еңбекқорлық қағидаттарына негізделген жаңа көзқарас арқылы қоғамды патернализмнен арылтып, адам әлеуеті негізгі ресурсқа айналатын даму үлгісіне көшу қажет.

Ғылымда нәтижеге қол жеткізу үшін адам капиталына баса мән берген жөн. Біз өскелең ұрпаққа тәрбие беру мен азаматтарды қолдауды әлеуметтік әділдік, жасампаз отаншылдық және еңбекқорлық тұрғысынан қайта қарауымыз керек. Бұл – патернализм моделінен адам мен оның қабілеті басты ресурсқа айналатын өркениетті трансформациялау үлгісіне өту деген сөз. Сондықтан жаңа Конституциямыздың, ең алдымен, адамға бағдарлануы тегін емес, - деді Президент.