«Абай, Шәкәрім және Мұхтар сайлауда кездесті». Әдеби оқиғаның басталуына ұқсайтын бұл жағдай бүгін Абай облысында шынайы өмірде болды.

Бір сайлау учаскесіне Абай, Шәкәрім және Мұхтар есімді үш тұрғын келіп, Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасады.

Қазақ руханиятындағы үш ірі тұлғаның есімін иеленген азаматтардың бір күнде, бір сайлау учаскесінде кездесуі дауыс беру күніндегі ерекше сәттердің біріне айналды.