Оқу-жаттығулар барысында құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының терроризм сипатындағы әртүрлі қауіптерге әрекет етуге дайындық деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдары пысықталды.
Оқу-жаттығулар қаланың түрлі аудандарында өтті және қауіпсіздік күштері, жедел қызметтер мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен әртүрлі сценарийлерді модельдеуді қамтыды.
Іс-шара барысында түрлі құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылға, ақпарат алмасудың жеделдігіне, сондай-ақ аудандық және облыстық жедел штабтардың іс-әрекеттерін үйлестіруге ерекше назар аударылды.
Абай облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабы.
Фото ЖИ Gemini



























