Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа өлшемшарты қолданысқа енетінін хабарлайды.
Не өзгеруде?
Бұрын тек аударымдар саны— 3 ай қатарынан 100 немесе одан да көп әртүрлі тұлғадан түскен жағдайда ескерілетін. Енді қосымша талап енгізіледі,
дәл сол 3 айда түскен қаражаттың жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) асуы керек.
Қашан кәсіпкерлік қызмет белгісі туындайды?
Егер сіздің жеке (бизнеске арналмаған) шотыңызға 3 ай қатарынан әр айда: 100 әртүрлі адамнан ақша түссе, және жалпы сома 12 ЕТЖ-дан асса, онда мұндай операциялар кәсіпкерлік табыс белгілері бар ретінде есептеледі.



























