• 9 мая, 2024

Қозы Көрпеш-Баян сұлу кесенесі туристік орталыққа айналады

Фев 14, 2023

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың бастамасымен кесене Абай облысындағы туризмді дамытудың кешенді жоспарына енген.

Абай өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспаөз конференциясында Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Ысқақов «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» кесенесіне абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

— Аягөз — тоғыз жолдың торабында орналасқан аудан. Ауданда тарихи орындар көп. Соның бірі — «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» кесенесі. Бірнеше жыл бұрын Таңсық бекетінен бастап кесенеге апарар жолды асфальттадық. Былтырғы жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді, су тартылды. Енді кесене аумағына саябақ салып, тал егуді жоспарлап отырмыз. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың бастамасымен кесене туризмді дамытудың кешенді жоспарына енді. Әсіресе, жаз мезгілінде кесенені көруге қонақтар көп келеді,- деді Сейілбек Ысқақов.