• 17 мая, 2024

Мәслихат төрағасы қоғамдық көліктерге мониторинг жүргізді

Фев 14, 2024

Семей қаласындағы қоғамдық көлік мәселесін шешу күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Осы мақсатта, бүгін мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов пен облыстық мәслихат депутаттары қала бойынша қоғамдық көліктерге мониторинг жүргізді.

Мониторингтің мақсаты – халықтың басты назарында тұрған мәселелерді қарау, тексеру. Тексеру барысында қандай кемшіліктер бар екенін көріп, әкімшілікпен бірлесе отырып, шешу жолдарын табу.

Қаладағы №45, №35, №22, №9, №12, №4, №55 автобустарға тексеру жүргізілді. Семей қаласы бойынша 42 бағыт пен 331 автобус бар.

Қалалық маршруттар «Таксомоторный парк» ЖШС – 13, «Семавтопарк» ЖШС – 4, «Авто Транс Семей» ЖШС – 23, «Экобас» ЖШС – 1 бағыт бойынша қызмет көрсетеді.

2022 жылы қала бойынша 180 автобус болды, ол 58 % құрады. Ал, 2023 жылы автобус саны 250 дейін жетті мөлшері 80%.

Мониторинг барысында халық қоғамдық көлік жайында екі жақты пікірлерін білдірді. Яғни, шағын автобустарды азайтып, сыйымдылығы кең автобустарға ауыстыру, қоғамдық көліктегі тазалық мәлесі, диспетчерлік жұмысты бақылау, автобус сапасын арттыру мәселелерін көтерді. Ал, жаңадан қолданысқа берілген №45 автобусқа деген халықтың көзқарасы оң. Тұрғындардың айтуынша, жаңа автобус жылы, кең, әрі автобустың жиілігі тұрақты. Сонымен қатар, №4, №55 қоғамдық көліктері тұрақты түрде қызмет көрсететінін жеткізді.

Тұрғындар тарапынан №5, №9, №14, №16, №18, №22, №24, №55 және №48 автобустарға шағым көп.

Мұндай рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Бүгін Қуаныш Сүлейменов барлық автобус паркі басшылығымен және облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшылығының өкілдерімен кездесіп, тұрғындар көтерген мәселелерді жеткізетін болады. Мәслихат төрағасы тұрғындардың көтерген әрбір мәселесі үнемі басты назарда екендігін атап өтті.