Реалии дня Рухани Жаңғыру

Әскери бөлімнің құрылғанына 52 жыл

1 қыркүйек «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Аягөз гарнизонында орналасқан жеке инженерлік-саперлік батальоны әскери бөлімнің құрылған күні.

Аталмыш әскери бөлімнің іргетасы 1968 жылы Талдықорған облысы, Сары-Өзек қала тектес ауылды мекенде қаланған. 1969 жылы 22 шілде де қайта құрылып, Орта Азиялық әскери округінде қарамағында болып, 1980 жылы Семей облысы Аягөз қаласына ауыстырылған.

Бүгінде аталмыш әскери бөлімнің жеке құрамы жауынгерлік дәстүрді сақтай отырып, жауынгерлік әзірлікті шыңдап, қырағылықпен міндеттерін атқаруда. Жауынгерлік даярлықта әскери инженерлер жыл сайын жаңартылатын және жетілдірілетін инженерлік әртүрлі іс қимылдарды арнайы дайындауды және игеруді қажет ететін ең күрделі міндеттерді орындайды.

Салтанатты жиынға бөлім ардагерлері мен басшылық құрамы қатысты. Жиын барысында әскери қызметтегі кәсіби шеберлігі үшін офицерлер, сержанттар және азаматтық персоналдар алғыс хат алып, мақтау грамоталарымен марапатталды.

– Тарих еншісінде қалған жылдар да әскери бөліміміз қазіргі уақытқа дейін Қарулы Күштердің оның ішінде инженерлік әскерлерінің қызметтік жолында мемлекетімізбен бірге есейіп, өздеріне артылған зор сенімді абыроймен атқарып, еліміздегі әскердің даму жолында сүбелі үлесін қосып келеді. Әскери қызметкерлер өздерінің міндеттерін үлкен абыроймен орындауда. Бөлім жеке құрамын бүгінгі мерекемен құттықтай отыра, әрі қарай табысты еңбек тілеймін!, – деді бөлім командирі майор Архат Шаймардан.

Мерекелік кеш соңы келген қонақтарға құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталғаннан кейін әскери қызметшілердің ұйымдастырған көркемөнерпаздар концертіне ұласты.