• 8 декабря, 2024

ТҮРКІ ӘЛЕМІ: БАУЫРЛАСТАР СҰХБАТЫ

Июн 8, 2020

Иә,сіз дұрыс оқыдыңыз! Бүгін бүкіл түркі ұлтының басы қосылғандай әсер мен ләззат алған күн. Тамырын кеңге жайған Түркі империясының алып ағашының тағы бір жапырақтары жайқалғанына көзіміз жеткен күн.

Әрбір ата-бабамыздың сөзінен көретін болсаңыздар да, «түбі бір, діні бір, тілі бір» деген тіркестерді естіп, оқып өскендігіміз рас. Ал, бүгінгі кездесу сол асылы сөздердің айқын дәлеліне айналғандай. Жақсы сөздің төркінін бастаушы етіп қолға алған Шәкәрім университетінде тарих пәні бойынша тәлім беріп жүрген ұстазымыз Шырын Әділқызы болды.

Ол кісінің өмір естеліктерінен Түркия мемлекетінде болып қайтқандығын білетінбіз. Тілдің ешқандай қиындық соққызбайтынын дәлел қылып тапқандай, Шырын ұстазымыздың құлшынысының арқасында мол мәліметтерді тереңінен ұғына алдық.Бірақ,конференцияның негізгі бет әлпеті ретінде, қонаққа «Denizli Ülkü Ocakları» облыстық білім және мәдениет Қоғамдық Қорының басшысы Мұрат Айдынлы мырза қатысты. Шыны керек, бауырмыз, түркіміз деп кең далаға көсілген, кіндігіміз кесілген беттен айтып келе жатқанымыз рас. Бірақ сол тарихымыздан бергі бауырымыз Түркия елімен достық қарым-қатынасты нығайтуды сәл бәсең түрде өткізіп жатқан сияқтымыз. Мұрат ағамыз біздегі керемет шаһарлардың бірі Түркістан қаласында оқып білім алған уақыттарында қиындықтар тиісінше болғандығын алға тарта отыра, үкімет өкілдерінің өзбекті «өзбек» деп, түрікті «түрік» деп төңірегін аңдығаннан қарағанда, бауырым деп алға сүйреуді көргісі келгенін айтып ақтарылып өз ойын емірене жеткізді.

Конференция қатысушыларына ортақ кезеңдерді түсіндіргені бойынша, байырғы жұртымыз, Ресей империясы, Араб империясы және Түрік империясы деп құлаш жайып тараған екен. Қазіргі уақытта да бір Түркі болып істеп жатқан істеріміз аз емес, тек қазіргі саяси ахуалдарға байланысты Ресей мен Қытай халқы Қазақстаннан Түркі мемлекетінен қарағанда еселі көңіл алып жатқандығын да қымтырылмай бізге жеткізді. Осыларды айта отыра ол кісі, түркі мен қазақ жастары осыны біліп өскенін қалайтынын және соншалықты мыңдаған жылғы тарихы бар империяның болашағы да нұрлы болатындығын айтып өтті.

Студенттер қауымынан сұрақ алған уақытында Абай атамыздың есімін кей түркі жастары білмейтіндігін алға тартқан уақытында ағамыз, «біздің жастарымыздан қарағанда қазақ жастарының білмегендігіне» өкініштілігін білдіріп өтті. Онымен қоса магисратура білімі бойынша Түркия еліне ат басын бұрар болсақ кең құшақпен қарсы алатындығын ағамыз байқатты.

Себебі конференция барысында ұстазымыз Шырын Әділқызының Мұрат Айдынлы мырзамен сөйлесу кездерінде, түрік еліне барғанда ұстазымыз өзін жат ретінде емес,туған ретінде сезінгендігін, сондай кеңпейіл өз жеріміздің аурасындай ортаға тап болғандығын да жеткізді. Қазіргі уақытқа дейін бір-біріне деген сыйластық үзілмегендігінің арқасында біздің де басымыздың сол жерде қосылып, құлақ құрышын қандырарлықтай сұхбатқа ие болғандығымыз сондықтан деп білемін. Бізбен бірге түрік елінен қосылған аға-әпкелеріміз қатысып, пікір білдіріп отырды. Кең құшақты бауырлар бүгін қайта жанданды, қайта түледі.

Мұрат Айдынлы ағамыз әр кез сөйлесуге дайын екенін жеткізіп, ұстазымызға және бізге алғысын айтып конференцияны қорытындылады. Ал менің осы әсерімнің нәтижесінде менде тағы бір мақсат, тағы бір арман пайда болды. Ол, бауырларға біліммен алмасып қайту болмақ. Міне, егіздер бір сәтте әрекет ететіндей, түркі халқының, яғни біздің жүрегіміз де ерекше дүрсілді сезген сәт осылай тәмамдала кетті.

Мейіргүл Төлеубекқызы                                      

Семей қаласының Шәкәрім университетінің  Қазақ филологиясы факультетінің 1 курс студенті